«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 марта, 2024


🫣 1932 жылы 10 наурызда Түркістан және Ақтөбе облыстары құрылды. Облыстың алғашқы атауы Оңтүстік Қазақстан, ал 1962 жылы Шымкент деп өзгертілді. 1992 жылы оған бастапқы атауын қайта берді. 2018 жылы астанасы Түркістан қаласына көшкеннен кейін облыс Түркістан деп аталып, Шымкент республикалық маңызы бар қала атанды. Ақтөбе облысы Қазақстан аумағының 11 пайызын алып жатыр. Сондықтан еліміздің ең үлкен аймағы болып есептеледі. 

 

Ақтөбе және Түркістан облыстарының тұрғындарын бүгінгі күнмен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

🚀 Наурыздың екінші жексенбісі – Халықаралық планетарий күні. Мерекенің мақсаты – халықты планетарийдің қызметімен таныстырып, астрономиялық білімді насихаттау. Осыған қатысты шаралар қалалық планетарийлерде өткізіледі. Қазіргі таңда әлемде екі мыңнан астам планетарий бар. Қазақстанда соның ішінде Ақтөбе қаласында 1967 жылы бірінші стационарлық планетарий ашылды. Бүгінде аталмыш орын астрономиялық білімді дәріптейтін жетекші орталықтардың бірі. 

 

Жұлдыздарды тамашалағанды ұнатасыз ба?🌟

💻 Бүгін бейне ойын әуесқойлары Марио күнін атап өтеді. Қызыл қалпақ пен көк комбинезон киген мұртты сантехник миллиондаған Nintendo жанкүйерінің сүйіктісіне айналды. Бұл ең көп сатылатын ойын ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Жанкүйерлер “10 наурыздың” ағылшын тіліндегі қысқартылған емлесі MAR10 басты кейіпкердің есімін еске түсіретінін айтады. Nintendo мереке қарсаңында, ойыншыларға әдеттегі күндерге қарағанда 2 есе көп алтын ұпайлармен марапаттау арқылы  қолдау көрсетеді.

Super Mario ойынын ұнатасыз ба? ⌨️

👥10 наурыз қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. 101 жыл бұрын режиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сұлтанахмет Қожықов (1923-1988) дүниеге келді. Өнер иесінің “Қыз Жібек” фильмі шығармашылығының шыңына шыққан тырнақалды туындысы болды. Себебі ол Тбилисиде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде үш мәрте марапатталды. Мұнда режиссер дәуір тынысын нәзік сезініп, қазақ халқының шынайы өмірін, салт-дәстүрін көрсетуге ұмтылды. Сонымен қатар 79жыл бұрын кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбеков (1945-2017) өмірге келді. “Қыз Жібек” фильмінде сомдаған басты рөлінен кейін халық оны “Қазақтың Төлегені” деп атап кетті.  Осылайша актер кең танымалдылыққа ие болып, нағыз жұлдызға айналды. Ал осы фильмде Жібектің бейнесін сомдаған жұбайы Меруерт Өтекешева “Қазақтың қыз Жібегі” атанған. Міне, фильмдегі рольдері осылай романтикалық оқиғамен жалғасын тапты.

 

«Қыз Жібек» фильмін көрдіңіз бе❓