«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 Наурыз, 2023


🫣1932 жылы 10 наурызда – Түркістан және Ақтөбе облыстары құрылды. Облыстың алғашқы атауы Оңтүстік Қазақстан, ал 1962 жылы Шымкент деп өзгертілді. 1992 жылы бастапқы облыс атауына қайта оралды. 2018 жылы астанасы Түркістан қаласына көшкеннен кейін облыс – Түркістан деп аталып, Шымкент республикалық маңызы бар қала атанды. Ақтөбе облысы Қазақстан аумағының 11 пайызын алып жатыр. Сондықтан еліміздің ең үлкен аймағы болып есептеледі. 

 

Ақтөбе және Түркістан облыстарының тұрғындарын бүгінгі күнмен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

😎Бүгін де қызықыты күн – Халықаралық кереметтілік күні аталып өтеді. 2007 жылдан бері америкалық веб-қосымшаларды әзірлеуші – ​​Кевин Лавердің аталмыш күнді тойлау туралы әзіл аралас идеясы Twitter-дің арқасында қолдау тауып, бүкіл әлемге тарады. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Нақтырақ айтсақ, 10 наурыз – американдық актер, осы күннің құрметіне орай жасалған ең танымал интернет-мемдердің кейіпкері – Чак Норристің туған күніне байланысты белгіленген. 

 

Ал сіз қай кино актерды ең керемет деп санайсыз? 

 

💻Бүгін бейне ойын әуесқойлары – Super Mario күнін атап өтуде. Қызыл қалпақ пен көк комбинезон киген мұртты сантехник миллиондаған Nintendo жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналды. Аталмыш ойын Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең көп сатылатын ойын ретінде енгізілді. Жанкүйерлер 10 наурыздың ағылшын тіліндегі қысқартылған емлесі MAR10 басты кейіпкердің есімін еске түсіретінін айтады. Nintendo да бұл бастаманы ойыншыларды мерекені тойлау үшін әдеттегі күндерге қарағанда 2 есе көп Алтын ұпайлармен марапаттау арқылы қолдайды.

Super Mario ойынын ұнатасыз ба? ⌨️

👥10 наурыз қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. 100 жыл бұрын режиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Сұлтанахмет Қожықов (1923-1988) дүниеге келді. Шығармашылығының шыңына шығарған туындысы – Тбилисиде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде үш мәрте марапатталған «Қыз Жібек» фильмі болды. Ол дәуір тынысын нәзік сезініп, қазақ халқының шынайы өмірін, салт-дәстүрін көрсетуге ұмтылды. 

78 жыл бұрын кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі – Құман Тастанбеков (1945-2017) дүниеге келді. «Қыз Жібек» фильмінде сомдаған басты рөлінен кейін халық оны «Қазақтың Төлегені» деп атап кетті.  Осылайша актер кең танымалдылыққа ие болып, нағыз жұлдызға айналды. Ал осы фильмде Жібектің бейнесін сомдаған жұбайы – Меруерт Өтекешева «Қазақтың қыз Жібегі» атанған. Міне, фильмдегі рольдері осылай романтикалық оқиғамен жалғасын тапты.

 

«Қыз Жібек» фильмін көрдіңіз бе