«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 апреля, 2023


🫂 10 сәуір — Халықаралық бауырлар күні. Әрдайым барлық жетістікке жеткен уақытта және сәтсіздікке ұшыраған уақытта қолдап, жанымызда болады. Сонымен қата табысқа жетуімізге ынталандырып, түрлі келеңсіз жайттардан арылуға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, бауырлар — қай кезде болса да сенім артуға болатын жандар. Біз олармен бірге өсіп, бірге дами аламыз. Мұның жеке тұлға болып, қалыптасуына ықпалы зор екені даусыз.

Бауырларыңызды бүгінгі айтулы күнмен құттықтап қойыңыз!

👩‍⚕️ Бүгін — Дүниежүзілік гомеопатия күні. 1755 жылы 10 сәуір неміс дәрігері, баламалы медицинаның осы түрінің негізін қалаушы — Самуэль Ганеман дүниеге келді. Гомеопатия 2 принципке негізделген. Біріншісі — ауруды ауру арқылы емдеу, екіншісі — шағын немесе ультра төмен дозада дәрілік заттарды қолдану. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары оны қолданудың дәлелді базасы жоқ екенін және денсаулық пен өмірге қауіп төндіретінін атап өтті. Осыған қарамастан, оны Үндістан халқының жартысынан астамы, француздардың 1/3 және немістердің 45% пайдаланады. Ал Англияда корольдік отбасының қамқорлығында тұр. 

Өзіңізге қамқор болыңыз және денсаулығыңызды күтіңіз!

🍌 Бүгін тағы бір мереке – Банан күні. Әлемде жеміс-жидек саны бойынша банандар апельсиннен кейін екінші орында тұр. Тағамдық құндылығы бойынша банан картопты 1,5 есе басып озады. Бір бананда жүрек бұлшықетінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті калийдің тәуліктік дозасының 10%-ы бар. Сонымен қатар ол каротинге, ферменттерге, органикалық қышқылдарға, С, РР, Е, В1, В2 витаминдеріне бай. Көңіл күйіңіз болмаса, банан жеуге кеңес береміз. В6 дәрумені мен триптофан амин қышқылы табиғи антидепрессант серотонинді өндіруге ықпал етеді.

Сізге қай жеміс ұнайды: банан немесе апельсин?

🛥 111 жыл бұрын теңіз апатының символына айналған – Титаник алғашқы және соңғы сапарын жасады. Бұл өз уақытында ең үлкен жолаушылар кемесі атанды. Кеме 14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні Солтүстік Атлантикада айсбергпен соқтығысқаннан кейін суға батып кетті. Мұнда 2200 жолаушының 1490-нан 1635-ке дейінгісі қайтыс болды. Титаник оқиғасы 1997 жылы Джеймс Кэмеронның әйгілі фильмінде кең көрініс тапты.

 

«Титаник» фильмін тамашалаған уақытта жыладыңыз ба?