🌝10 шілде — Дүниежүзілік энергетикалық тәуелсіздік күні. Бүгінгі таңда энергия тұтынудың 80%-дан астамы газ, мұнай және көмірден тұрады. Бұл күннің мақсаты – әлемдік экономиканының қазба отындарына деген тәуелділігін азайтып, жаңартылатын энергия көздерін ілгерілету. Біріншіден, біз табиғи ресурстарды қарқынды түрде сарқып жатырмыз. Соған байланысты жаңа қорлар жақын арада пайда болмайды. Екіншіден, қазба отындары тұрақты емес. Бұл климаттың өзгеруіне әкеледі. Сондықтан баламалы энергия көздеріне көшу қажет.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
⚽️1992 жылы 10 шілдеде Алматыдағы Қазан төңкерісінің 50 жылдығы атындағы спорт сарайына қазақтың атақты батыры, ақын, әнші және сазгер Балуан Шолақтың (шын аты Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1919)) есімі берілді.Балуан Шолақтың бірнеше әні “Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақтың 500 әні мен күйлері” жинақтарына енді. Сәбит Мұқановтың “Балуан Шолақ” кітабында сазгер-балуанның өмір жолы баяндалады.
🤩Бүгін футбол ысқырығының пайда болған күні. 1878 жылы 10 шілдеде ағылшын Джозеф Хадсон осы акустикалық құрылғыны ойлап тапты. Ысқырықты ойлап тапқанға дейін футбол төрешілері айқайлап, қоңырау соғып, орамалдар мен жалаушаларды бұлғап назар аударатын. Бұл ысқырық футбол алаңында ғана емес, өмірдің көптеген саласында сәтті қолданыла бастағанын айта кеткен жөн.
👥10 шілде өмірге келген танымал тұлғалар. 168 жыл бұрын инженер, электр және радиотехника саласындағы өнертапқыш Никола Тесла (1856-1943) дүниеге келді. Ол өнеркәсіптік революцияның екінші кезеңіне мүмкіндік берген құрылғыларды жасауға қосқан үлесі үшін кеңінен танымал. Қазіргі ғалымдар оны “XX ғасырды ойлап тапқан адам” деп атайды. Атақты миллиардер Илон Маск көлігіне Никола Тесланың есімін берген. Сондай-ақ 66 жыл бұрын қазақ жазушысы, ақын, драматург Әуезхан Қодар (1958-2016) дүниеге келді. Ол Түркі әлемінің халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты, “Қайтарылмас табалдырық”, “Қазақ поэзиясының антологиясы” кітаптарының, “Еске алмау шеңбері” поэзиялық жинағының және т.б. авторы. Жазушы Абай, Шәкәрім, М.Жұмабаев, М. Өтемісов шығармаларын орыс тіліне аударды.