«Үйде жатпа» күнтізбесі. 10 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 10 августа, 2023


✍️Бүгін — Абай күні. Ұлы ағартушы, ақын, қоғам қайраткері 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келді. Қазақ классикалық әдебиетінің негізін салушы 170-ке жуық өлең, 56 аударма және 45 қара сөз жазды. Ол композитор ретінде «Көзімнің қарасы» сияқты жиырмаға жуық әуен шығарды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ интеллигенциясына Абайдың ықпалы зор болды. Алаш-Орда қозғалысының жетекшілері оны қазақ елінің жаңғыруының рухани көсемі ретінде қабылдаса, Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын орыс оқырмандарына тұңғыш таныс­тырған Әлихан  Бөкейхан еді. 

🦁10 тамыз — Дүниежүзілік арыстан күні. Жануарлардың патшасы жыртқыш болғанымен, қазіргі таңда оған адамдардан төнетін қауіп жоғары болып тұр. Нақтырақ айтсақ, климаттың өзгеруі, браконьерлік, аңшылық және т.б. ықпал етуде. Егер осы жағдайды ескеріп, қандай да бір шара қолданбаса, жақын арада арыстандар Қызыл кітапқа енуі әбден мүмкін. Сондықтан бұл күннің мақсаты — арыстандарға адамдардың назарын аудара отырып, оларды қорғауға шақыру. 

 

Сізге қай жануар ұнайды: арыстан немесе жолбарыс?

👥10 тамыз өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 149 жыл бұрын  қазақ тілшілерінің алғашқысының бірі, “Қазақстан” сөзін ресми қолданысқа енгізген ақын Елеусіз Бұйрин (1874-1933) дүниеге келді. Оның әдеби мұрасына “Қазақстан” газетіне жарияланған мақалалары, «Ызың» жыр жинағы жатады. Мансап жолында ол М.Жұмабаев, Ә.Мәметов, Ғ.Малдыбаев, И.Исин және басқа тұлғалардың өлеңдерін жіктеп берді. Сонымен қатар бүгін композитор, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, жетекшісі Мұрат Құсайынов 75 жасқа толды. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері 30-дан астам ән мен музыкалық шығармалар жазды.

 

Сізге қай «Дос-Мукасан» әні ұнайды? 

💫10 тамыз — әлемде атақты екі тұлғаның туған күні. 63 жыл бұрын испандық актер, режиссер, продюсер және әнші Антонио Бандерас өмірге келді. Өнер иесі “Зорро”, “Неудержимые” фильмдеріндегі рөлімен және Шректегі темпераментті мысықтың дауысымен танымал. Бала кезінде ол футболшы болуды армандады. Алайда аяғы сынғаннан кейін жоспарлары өзгеріп, шығармашылық бағытқа бет бұрды. Сондай-ақ бүгін Kylie Cosmetics компаниясының негізін қалаушы, “Кардашьян отбасы” телешоуының қатысушысы Кайли Дженнер 26 жасқа толды. Әлемге танымал жұлдыздың Instagram желісінде 398 миллион жазылушысы бар. 2018 жылы ол жарнамалық жазбасы үшін 1 миллион доллар алғаннан бастап, Instagram-дағы ең қымбат жұлдыздар тізімінде бірінші орынға шықты. Оның қазіргі жағдайы 1,2 миллиард долларға бағаланады.

 

Егер біреу білмесе, Антонио Бандерас өте жақсы ән айтады. Көрейік. https://www.youtube.com/watch?v=oAl5Ow_YotU