👨👩👧👦Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланады. Бұл отбасы әртүрлі ұрпақ арасындағы байланыстырушы буын. Ол жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің алғашқы қадамы. Мемлекеттің болашағы балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болып қалыптасу үдерісінің қаншалықты табысты болатынына байланысты. Сондықтан да отбасы, ана, әке және бала институтын қорғау кез келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады.
Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз!
🤷♀️10 қыркүйек — Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні. Өз-өзіне қол жұмсау соғыстар мен кісі өліміне қарағанда көп адамның арасында белең алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, суицидтен көз жұматындардың жалпы саны қазір жылына бір миллионға таяп қалды. Яғни, әр 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсап өледі. БҰҰ-ның айтуынша, АИТВ, безгек және сүт безі қатерлі ісігінен гөрі суицидтен көп адам қайтыс болады. Жаңалықтарға құлақ түрсең, Қазақстанда да жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл күннің мақсаты — адамдардың назарын қайғылы статистикаға аударта отырып, суицидтің алдын алуға шақыру.
🪖Бүгін бүкіл әлем үшін тағы бір қайғылы күн. Қыркүйектің екінші жексенбісі Фашизм құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен аяқталуы қыркүйектің алғашқы күндерімен тұспа-тұс келді. Бұл күн әртүрлі елде аталып өтеді. Онда ұлттық және жергілікті іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, бұл күні фашизм құрбандарының жаппай бейіттеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуі мүмкін. Бұл соғыс 600 мыңнан астам қазақстандықтың өмірін қиды. Нақтырақ айтсақ, сол кездегі ел халқының 12%-ын құрады.
Батырларымызға мәңгілік алғыс!
👥10 қыркүйек қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. 129 жыл бұрын саясаткер, ғалым, публицист, біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күреске қатысушы Сұлтанбек Қожанов (1894-1938) дүниеге келді. Қоғам қайраткері Ленинмен әңгімелескеннен кейін халқымыздың патша тұсында бұрмаланған “қырғыз-қайсақ” атауы Бүкілодақтық съезде тарихи “қазақ” болып түзетілді. Сондай-ақ оның табандылығының арқасында Қарақалпақстан, Сырдария облысы, Мырзакөл, Бостандық, Шыршық уездері Қазақ АКСР-ге енді. Кеңес өкіметі оны өлім жазасына кесіп, ату жазасына кесті. 1957 жылы ол ақталды. Сондай — ақ 75 жыл бұрын «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі әрі солисі Шарип Омаров (1948-2007) дүниеге келді. Шығармашылық мансабынан кейін ол өзін мемлекеттік және дипломатиялық қызметке арнады. Американың Небраска штаты мен Линкольн қаласының Құрметті азаматы.
Сізге «Дос-Мукасан» тобының қай әні ұнайды?