🌷10 қыркүйекте түрлі-түсті гүл шоқтары күні аталып өтеді. Бүгін кез келген адамға күзгі гүл шоқтарын сыйлай аласыз. Мәселен, қашқаргүл (астра), нарғызгүл (георгин), баршынгүл (гладиолус), бақытгүл (хризантема) сынды гүлдердің ашық түсі мен тамаша реңкі көз қуантып жатады. Түрлі-түсті гүл шоқтары күні — “барқыт маусымы”әрі “қоңыр күз” мерекесімен тұспа тұс келеді. Әдетте, қыркүйек байламдары жидектерден немесе дала гүлдерінен жасалады. Сондай-ақ осы күннің құрметіне орай бүкіл әлемде гүл өсірушілердің көрмелері мен байқаулары өтеді.
Бүгін сүйіктіңізге бір байлам гүл немесе түрлі-түсті жапырақ беруді ұмытпаңыз!
👋10 қыркүйек — Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні. Өз-өзіне қол жұмсау соғыстар мен кісі өліміне қарағанда көп адамның арасында белең алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, суицидтен көз жұматындардың жалпы саны қазір жылына бір миллионға таяп қалды. Яғни, әр 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсап өледі. БҰҰ-ның айтуынша, АИТВ, безгек және сүт безі қатерлі ісігінен гөрі суицидтен көп адам қайтыс болады. Жаңалықтарға құлақ түрсең, Қазақстанда да жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл күннің мақсаты — адамдардың назарын қайғылы статистикаға аударта отырып, суицидтің алдын алуға шақыру.
👥10 қыркүйек — қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. 130 жыл бұрын саясаткер, ғалым, публицист, біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күреске қатысушы Сұлтанбек Қожанов (1894-1938) дүниеге келді. Қоғам қайраткері Ленинмен әңгімелескеннен кейін халқымыздың патша тұсында бұрмаланған “қырғыз-қайсақ” атауы Бүкілодақтық съезде тарихи “қазақ” болып түзетілді. Сондай-ақ оның табандылығының арқасында Қарақалпақстан, Сырдария облысы, Мырзакөл, Бостандық, Шыршық уездері Қазақ АКСР-ге енді. Кеңес өкіметі оны өлім жазасына кесіп, ату жазасына кесті. 1957 жылы ол ақталды. Сондай — ақ 76 жыл бұрын «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі әрі солисі Шәріп Омаров (1948-2007) дүниеге келді. Шығармашылық мансабынан кейін ол өзін мемлекеттік және дипломатиялық қызметке арнады. АҚШ-тың Небраска штаты мен Линкольн қаласының Құрметті азаматы.
Сізге «Дос-Мұқасан» тобының қай әні ұнайды?
👥10 қыркүйекте атақты екі шығармашылық тұлға өмірге келді. 91 жыл бұрын “Сән патшасы” атанған әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд (1933-2019) дүниеге келді. Өзінің талғампаз стилімен көпшіліктің жүрегінен орын алған неміс кутюрьесі туған жылына байланысты әртүрлі дерек айту арқылы шынайы жасын жасырғанды ұнататын. Ол қайтыс болғанға дейін итальяндық Fendi сән үйінің және француздық Шанельдің тұрақты бас дизайнері болып қызмет етті. Сәнгер олармен өмір бойына келісімшарт жасасқан болатын.
Сонымен қатар ол Карл Лагерфельд сән үйінің негізін қалады.
Бүгін криминалдық комедия жанрының үздік шебері саналатын британдық режиссер Гай Ричи 56 жасқа толды. Оның “Карта, ақша, екі діңгек”, “Жұлдыз”, “Шерлок Холмс”, “Джентльмендер”, “Адамның қаһары” және т.б фильмдері бәрімізге белгілі. Өнер иесі әнші Мадоннамен 7 жыл шаңырақ көтерді. Гай Ричи — каратэ, дзюдо және джиу-джитсудан қара белбеу иегері.
Сізге Гай Ричидің қай фильмі ұнайды?
#күнтізбе #10қыркүйек #гүл #суицид