💃Бүгін ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні аталып өтеді. Бұл әйелдер мен қыздардың, сондай-ақ тең құқықтық жолындағы маңызды тарихи күн. Қазіргі қоғам оның дұрыс бағытта дамып келе жатқанын, өшпенділік пен кемсітушілікке жол жоқ екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Алғашқы мерекелік шаралар 2016 жылы халықаралық электр байланысы одағының бастамасымен өтті. Мұнда олар бірінші болып әйелдер мен қыздарды заманауи телеақпараттық технологияларды дамытуға белсенді қатысуға шақырды.
Оқырмандарымызды осы мерекемен құттықтаймыз!
👩⚕️Бүгін — Дүниежүзілік науқастар күні. Оның бастамашысы — Рим Папасы Иоанн Павел II. Оған прогрессивті паркинсон ауруы диагнозы қойылған болатын. 1993 жылдан бері аталмыш күн бүкіл ғаламшарға адамдарда кездесетін түрлі ауруға бей-жай қарамауға шақырады.
Сіз ауру адамдарға көмектесуге тырысасыз ба?
👣11 ақпанда жапондар мемлекеттің негізі қаланған күнді атап өтеді. Аңыз бойынша, дәл осы күні, б.з.д. 660 жылы, жапон императорларының арғы атасы Дзимму таққа отырған. Ол өзін басты синтоистік құдай Аматэрасу Омикамидің ұрпағы санап, құдайлардың тікелей ұрпағы ретінде билік жүргізген. Дзимму Жапонияның бытыраңқы аймақтарын біріктіріп, алғашқы мемлекеттік құрылымды қалыптастырды. Оның есімімен көптеген аңыздар байланысты, ал синтоизм дәстүрінде ол мәртебесі жағынан екінші құдай ретінде құрметтеледі. Дзиммуге арнап тұрғызылған сансыз храмдарда оған табынып, дұға ететіндер көп.
👥11 ақпан — атақты екі қазақстандықтың туған күні. 102 жыл бұрын қазақ театр және кино актері, режиссер Юрий Померанцев (1923-2022) дүниеге келді. Ол бүкіл өмірін театр сахнасына арнады. Осылайша 1957 жылы түсірілген “Біздің қымбатты дәрігер” фильміндегі доктор Лавров ролі арқылы көрермендердің есінде қалды. Ол Қазақстанның халық әртісі, “Сахнагер” және “Алтын адам” сыйлықтарының лауреаты, сондай-ақ Алматы қаласының Құрметті азаматы. Сонымен қатар бүгін қазақ радиосында 40 жылдық еңбек өтілі бар ардагер, телерадио дикторы Сауық Жақанова 80 жас мерейтойын атап өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері “Сөйлеу техникасы”, “Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті” кітаптарының авторы. Оның үні қазақ радиосының алтын қорында сақталып, халық жадында мәңгіге қалады.