«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 января, 2025


👀Бүгін халықаралық “рақмет айту” күні аталып өтеді. Жыл сайын осы күнді тойлайтын мемлекеттер мен адамдардың қатары артып келеді. Әлемнің қай жеріне табан тіресеңіз де алғыс айтудың ерекше бір сиқыры бар екеніне көз жеткізесіз. Сол себепті туристерге арналған нұсқаулықтарда “рақмет” сөзінің жиі кездесетіні бекер емес. Кез келген елдің тілінде айтылған бұл сөз әрқашан қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға және бейтаныс адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Ендеше бізбен бірге келе жатқан барлық оқырманымызға ерекше алғыс айтамыз!

🗣11 қаңтарда халықаралық скетчноутинг күні аталып өтеді. Скетч — әртүрлі идеяның шағын көрнекі жазбасы. Қарапайым тілмен айтқанда, олар жылдам сызбаларға, иллюстрация жұмыстарына негізделеді. Ал скетчноутинг — жылдам сурет салу өнері. Ғалымдар скетчтер ақпаратты жақсы есте сақтауға мүмкіндік беретінін растады. Өйткені олар бір мезетте көруді, моториканы, ойлауды және эмоцияларды дамытады.

 

 

💪11 қаңтар – Халықаралық еңбек теңдігі күні. Қазіргі заманда жұмыс орнындағы кемсітушілікті толық жою оңай емес, тіпті тиісті заңдар қабылданған елдерде де бұл мәселе өзекті болып отыр. Белгілі бір топтардың құқықтарын шектеуге бағытталған әдейі жасалған әрекеттерді дәлелдеу қиын, өйткені олар жиі формалды түрде қабылданатын іс-әрекеттердің астарында жасырылып жатады. Бұл күн нәсілге, дінге, жынысқа, жасқа, сондай-ақ физикалық немесе ақыл-ой ерекшеліктеріне қатысты кемсітушілікпен күресті жеделдету қажеттігін еске салады.

👥11 қаңтар — танымал қос әншінің туған күні. Бүгін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова 61 жасқа толды. Өнер иесі Қазақстанның жарқын жұлдызы әрі көптеген халықаралық байқауда ел атынан шығып, жоғары құрметке ие болды. Әнші еліміздің түкпір-түкпіріне және шетелдерге гастрольдік сапар жасап, қазақ әнін дәріптеуге ерекше көңіл бөледі. Қала берді жаңа репертуар жасау үшін авторлармен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ бүгін ең танымал түрік орындаушыларының бірі Мұстафа Сандал 55  жас мерейтойын атап өтеді. Оның альбомдары әлем бойынша 17 миллионнан астам данамен сатылған. «All My Life», «Moonlight» және «Isyankar» әндерін орындағаннан кейін әлемдік деңгейде кең танымалдыққа ие болды.

 

Сізге Мақпал Жүнісованың қай әні ұнайды?