«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 Қаңтар, 2023


☑️ Бүгін – Халықаралық алғыс айту күні аталып өтеді. Жыл сайын осы күнді тойлайтын мемлекеттер мен адамдардың қатары артып келеді. Алғыс сөзінің бірнеше сиқырлы қасиеті бар. Осының көмегімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлап, жағымды эмоциясын жеткізеді. Себебі онсыз өміріміз қараңы түнекке айналатын еді. Көптеген туристік гидтер мен туристерге арналған нұсқауларда «рахмет» сөзі – компанияның қызмет көрсету сапасын арттырып, оны жақсартуға көмектесетіні бекер емес.  Бұл демалушыға жағымды демалыс орнатуға мүмкіндік береді. 

Ендеше осы уақытқа дейін бізбен бірге келе жатқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз!

 

☑️ 11 қаңтар – Халықаралық эскиз жасау күні. Эскиз – бұл идеялардың шағын көрнекі көрінісі. Қарапайым тілмен айтқанда – жылдам әрі иллюстрацияланған жазбалар. Ал кейде мұны жылдам сурет салу өнері деп те атайды. Эскиздердің практикалық пайдасы ғылыми тұрғыда расталған. Олар шынымен ақпаратты есте сақтауға жақсы мүмкіндік береді. Өйткені олар бір уақытта көруді, моториканы, ойлауды және эмоцияларды қамтиды.

Ал сіз ақпаратты осылай жаттап көрдіңіз бе? 

☑️Бүгін қызықты күн – жұмыстағы теңдіктің халықаралық күні аталып өтеді. Оның негізгі мақсаты – жұмыс орнындағы ынталандыру және жұмысқа орналасудағы кемсітушілікпен күресу. Кемсіту – нәсіліне, дініне, жынысына, жасына, физикалық немесе психикалық кемістіктеріне негізделуі мүмкін. Жұмыспен қамтудағы кемсітушіліктің негізгі себептерінің бірі – біржақтылық. Көптеген жұмыс берушілер жұмысқа үміткерлерді біліміне, дағдыларына және тәжірибесіне ғана бағалаудың орнына бейсаналық көзқарасқа сенеді. Жұмыс орнындағы теңдік үшін күрес ондаған жылдар бойы жалғасын тауып келеді. Бірақ әлі де біраз еңбектену керек. Аталмыш күн процесті жеделдетуді ескертеді.

Сіз жұмыс барысында кемсітушілікке тап болдыңыз ба?

☑️11 қаңтар өмірге келген танымал әншілер. Бүгін Қазақстанның Халық әртісі – Мақпал Жүнісова 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол – қазақ елінің жарқын жұлдызы. Көптеген халықаралық байқауларда ел атынан шығып, жоғары құрметке ие болды. Әнші Қазақстанның барлық өңірін белсенді түрде аралайды. Сонымен қатар қазақ әнін дәріптеуде ерекше көңіл бөледі.

Сонымен қатар бүгін танымал түрік орындаушыларының бірі – Мұстафа Сандал 53 жасқа толды. Оның альбомдары 17 миллионнан астам данамен сатылды. «All My Life», «Moonlight» және «Isyankar» әндерін орындап, халықаралық танымалдылыққа ие болды.

 

Сізге Мақпал Жүнісованың қай әні ұнайды?