«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 ноября, 2024


💡11 қарашада Қазақстанда энергия үнемдеу күні аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты — адамдардың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға әрі жаңартылатын энергия көздерінің дамуына аудару. Сонымен бірге бүгін халықаралық энергия үнемдеу күні де тойланады. Аталмыш мереке 2008 жылы Қазақстанда өткен SPARE — халықаралық экологиялық желі үйлестірушілерінің «Ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі мектеп жобасы» кеңесінде қабылданған болатын. Әлемдегі энергия ресурстарының қымбаттап жатқанын ескере отырып, бұл күннің маңызы өзекті деп атауға болады.

 

Сіз үйіңізде энергия үнемдеу технологиясын қолданасыз ба?

 

👀11 қарашада күні халықаралық фитнес күні де аталып өтеді. Бүгінде фитнес ең танымал дене жаттығуларының біріне айналды. Мұнда адам спорттық рекордтар орнатуға емес салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Фитнес жүрек қызметін нығайтады. Төзімділік пен икемділікті арттырып, жағымды эмоцияларды қалыптастырады. Қазіргі таңда Қазақстанда 3500-ге жуық спорт және фитнес-орталық бар. Сондай-ақ әрбір ауладан қарапайым жаттығу құралдары мен турниктерді кездестіруге болады.

 

Спортпен шұғылданыңыз және деніңіз сау болсын!

 

 

🤩Бүгін — Дүниежүзілік шопинг күні. 2009 жылдың 11 қарашасында Alibaba Group өзінің AliExpress интернет-дүкенінде 50% жеңілдікпен сатылым өткізді. Бұл акция Қытайда 11 қарашада тойланатын Бойдақтар күніне қарай таңдалды. Шопинг күні — қытайлық ең ірі интернет-сайттардың иелері әртүрлі өнімге үлкен жеңілдіктер ұсынады. Сондықтан киімге құмар жандар сатылымның басталуын алдын ала күтеді. Ал жоғары сұранысқа ие заттар санаулы минуттан-ақ сатылып кетеді. Бұл күні миллиондаған сауда жасалады, ал сатылым саны бүкіл әлемді құрайды. 

 

Бүгін киім құмар жандардың саудасы ойдағыдай өтсін!

 

 

👥11 қараша — екі танымал адамның өмірге келген күні. 100 жыл бұрын қазақ жазушысы, ақын және аудармашы Берқайыр Аманшин (1924-1985) дүниеге келді. Ол көптеген поэтикалық жинақтардың, романдар мен повестердің авторы. Аманшин Махамбет Өтемісов пен Ығылман Шорековтың шығармаларын жинап, басып шығарды. Сондай-ақ «Игорь жасағы туралы жырды» және Пушкин, Толстой, Салават Юлаев және басқалардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бүгін америкалық актер және продюсер Леонардо Ди Каприо 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол актерлік мансабын жасөспірім кезінен бастады. Алайда 23 жасында «Титаник» фильмінде сомдаған рөлінен кейін ол бүкіл әлемге танымал болды. Қазіргі таңда Леонардо атақты актерлердің қатарында. Өнер иесі көптеген марапатты жеңіп алды. Соның ішінде «Оскар» сыйлығының иегері екенін ерекше атап өтуге болады.

 

Сізге Леонардо Ди Каприоның қай фильмі ұнайды?

 

#күнтізбе #11қараша