«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 октября, 2024


❤️11 қазанда БҰҰ бастамасымен Халықаралық қыздар күні аталып өтеді. Бүгінде жер бетінде 18 жасқа толмаған миллиардтан астам қыз өмір сүреді. Жасөспірім кезінде қажетті қолдау көрген қыз баласы болашақта кәсіпкер, басшы яки саяси көшбасшы болу арқылы өз әлеуетін толық жүзеге асыра алады. Алайда олар көп жағдайда әлем бойынша кемсітуге тап болыр, мәжбүрлі түрде бала сүйіп жатады. Қазақстанда орта есеппен жыл сайын кәмелетке толмаған 1200-ге жуық қыз некеге тұрады. Тәні мен эмоциялық күйі сау қыздар — болашақта табысты қоғамның кепілі екенін есте ұстаған жөн.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

 

🔥11 қазанда ДДҰ бастамасымен Дүниежүзілік семіздікке қарсы күрес күні аталып өтеді. Әлем бойынша жыл сайын семіздік көрсеткіші артып келеді. Ал Қазақстанда халықтың 20%-ы зардап шегеді. 2030 жылға қарай әлем халқының шамамен 40%-ы артық салмақтан зардап шегеді деп болжамдар айтылуда. Семіздіктің негізгі себептері — отырықшы өмір салты, дұрыс тамақтанбау және стресс. Артық дене салмағы өмір сүру ұзақтығын орта есеппен 7 жылға қысқартады және көптеген ауруға душар етеді.  Сондай-ақ семіздік үлкен психологиялық проблемалар тудырады.

 

Біздің бейнебаяндарымызды міндетті түрде тамашалап шығыңыз. Бұл сізді өз қалпыңызда сақтап қалуға көмектеседі!

🍳Қазан айының әр екінші жұмасында Дүниежүзілік жұмыртқа күні аталып өтеді.  Жұмыртқа көптеген пайдалы заттар мен дәрумендерге бай диеталық ақуыз өнімі. Әлемде ұзақ өмір сүретін жапон халқы жұмыртқаның адам ағзасына пайдасы туралы айтып келеді. Ал 100 жасқа дейін өмір сүрген адамдар жұмыртқа олардың күнделікті тағамдарының негізі болғанын айтады.

Сізге не ұнайды: омлет немесе жұмыртқа?

👥1946 жылы 11 қазанда танымал екі ер адам дүниеге келді. Бүгін Лондондағы Абай үйінің негізін қалаушы, қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев 78 жасқа толды. Ол 25 кітаптың авторы. Сондай-ақ беделді қазақстандық және халықаралық марапаттардың иегері. Семей мен Американың Санта-Марина қаласының Құрметті азаматы. Сонымен қатар бүгін Олимпиада тарихындағы ең атақты азиялық спортшы Савао Като 78 жасын атап өтеді. Жапондық гимнаст мансап жолында, атап айтатын болсақ, Олимпиада ойындарында 8 мәрте алтын жүлде иеленіп, 2 рет әлем чемпионы атанды. Соның арқасында ол ең беделді гимнаст мәртебесін сақтап қалды. 

 

Ал Қазақстанда ең беделді спортшы кім?