🥰11 мамыр — Дүниежүзілік өзімшілдік туралы хабардар ету күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – қоғам назарын өз мүддесі үшін адамдар мен өмірге тек тұтынушылық көзқараспен қараудан бас тартуға шақырады. Себебі сіздің дәл қазіргі қалауыңыз бен қажеттіліктеріңіз осы сәтте ғана нәтижесін беруі мүмкін. Ал болашақта бұл таңдауыңызға өкініш білдіріп, оны өзгерту үшін тіпті ақша төлеуге мәжбүр боласыз.
Өзімшіл адамдар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?
✍️1944 жылы 11 мамырда Сталин Қырым татарларын депортациялауды бастау туралы жарлыққа қол қойды. Адамдарды жүк көліктерімен теміржол вокзалдарына жеткізіп, мал мен зат таситын вагондарға тиеді. Эшелондардың жол жүру уақыты 2-3 аптаны құрады. Осы жолмен 200 мыңға жуық адам жер аударылды. Әртүрлі ресми мәліметтерге сәйкес, Қырым татарларының 20-25% -ы арнайы қоныстанған жерлерде қайтыс болған. Тоталитарлық режим саясатының нәтижесінде жер аударылған көптеген халық екінші Отанын Қазақстаннан тапты.
📺2004 жылы 11 мамыр — әлем бойынша ең ұзақ “Дом-2” реалити-шоуы ТНТ арнасынан көрсетіле бастады. 2020 жылы арна аталмыш жобаның жабылғанын ресми түрде хабарлады. Алайда сол күні “Дом-2” жобасының бас директоры шоудың жабылмайтынын, тек ТНТ арнасынан көрсетілмейтінін мәлімдеді. 2021 жылы «Дом-2» шоуы «Ю» телеарнасымен қайта жұмысын бастағанын жариялады. Бағдарламаның жаңа эпизодтары осы күнге дейін, соның ішінде әлеуметтік желілерде де көрсетілуде.
Осы шоудың қай кейіпкері есіңізде қалды?
👥11 мамыр өмірге келген атақты адамдар. 119 жыл бұрын қазақ археология және этнография мектебінің негізін қалаушы — Әлкей Марғұлан (1904-1985) дүниеге келді. Ол қола және ерте темір дәуірінің бірегей археологиялық ескерткіштерін ашты. 300-ден астам ғылыми-танымал жарияланымдары жарық көрді. Ғалымның 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен аталып өтті. Сонымен қатар 119 жыл бұрын испандық суретші, график, мүсінші, режиссер және жазушы — Сальвадор Дали (1904-1989) дүниеге келді. Өнер иесі сюрреализмнің әйгілі өкілдерінің бірі.
Оның эксцентриктік мәнері мен қызықты қоғамдық әрекеттері өзіндік өнер туындыларына қарағанда көбірек назар аударады.
Сіз қандай қазақ ғалымдарын білесіз?