💅Мамырдың екінші жексенбісінде — Халықаралық аналар күні аталып өтеді. Адам баласы сәби кезінен бастап соңғы демі қалғанша, жүрегінде анасының нұрлы бейнесін сақтап өтеді. Өйткені ана — әркімнің ең жақыны, ең асылы. Ана ғана кешіре алады, түсінеді, тыңдайды, ақылын айтады, дем береді, шексіз сүйеді. Оның махаббаты мен жанашырлығы ешқандай жағдайға тәуелді емес. Қазақстанда Аналар күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл ол 17 қыркүйекке тура келіп тұр. Бірақ ананы құттықтау үшін арнайы мерекені күтудің қажеті жоқ. Себебі “Ағайын көп, ана жалғыз”.
🗣11 мамырда дүниежүзілік өзімшілдік туралы хабардар ету күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты — адамдарды тек өз мүддесін күйттеген тұтынушылық көзқарастан бас тартуға шақыру. Тек өз тілегі мен қажетін ойлаған адам кей сәттерде жеңіске жеткендей көрінгенімен, ұзақ мерзімде бұл жол оны өкініш пен жалғыздыққа әкелуі мүмкін. Қоғам — тек өзім деп өмір сүретін орын емес. Айналаңа жанашырлықпен қарап, өзгеге де орын беру — рухани кемелдіктің белгісі.
Өзімшіл адамдар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?
👀1944 жылы 11 мамырда Қырым татарларын жаппай депортациялау басталды. Сол күні Иосиф Сталин арнайы Жарлыққа қол қойып, жүздеген мың адам туған жерінен күштеп көшірілді. Қырым татарларын жүк көліктерімен теміржол бекеттеріне жеткізіп, мал таситын вагондарға тиеп, бірнеше апта бойы жол жүргізді. Жалпы саны 200 мыңдай адам жер аударылды. Ресми деректер бойынша, арнайы қоныс аудару орындарында олардың 20-25 пайызы өмірден өтті. Кеңестік тоталитарлық саясат салдарынан туған жерінен ажыраған көптеген ұлт өкілдері екінші Отанын Қазақстаннан тапты. Қазақ жері қасірет шеккен жұртқа құшақ жайып, панасына айналды.
👥11 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 121 жыл бұрын қазақ археология және этнография мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұлан (1904-1985) дүниеге келді. Ол қола және ерте темір дәуірінің бірегей археологиялық ескерткіштерін ашты. 300-ден астам ғылыми-танымал жарияланымы жарық көрді. Ғалымның 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен аталып өтті. Сонымен қатар 121 жыл бұрын испандық суретші, график, мүсінші, режиссер және жазушы Сальвадор Дали (1904-1989) дүниеге келді. Өнер иесі — сюрреализмнің әйгілі өкілдерінің бірі.
Оның эксцентриктік мәнері мен қызықты қоғамдық әрекеттері өзіндік өнер туындыларына қарағанда көбірек назар аударады.
Сіз қандай қазақ ғалымдарын білесіз?