«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 июня, 2025


💪1918 жылы 11 маусымда “Алаш” жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан жеріндегі Кеңес үкіметінің барлық қаулысын заңсыз деп жариялады. Бұл тарихи шешім ұлттық сананың оянуына, ел тәуелсіздігі жолындағы күрестің жаңа кезеңіне бастау болды. Осыдан кейін большевиктер алашордашылардың негізгі талабын орындап, 1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылды. Ал 1937 жылы ол Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналды. Осы саяси процестердің жалғасы ретінде 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланып, 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан құрылды.

Алайда ұлт мүддесі үшін белсенді азаматтық ұстаным танытып, ұлттық мәселелерді батыл көтерген Алашорда көсемдерінің көбісі саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді.

💃11 маусым – Әйел бақыты күні. Бүгін – әйел затының ішкі тепе-теңдігі мен жүрек тыныштығын дәріптейтін ерекше күн. Әйел бақыты – адамның жан дүниесін ашып, шынайы әлеуетін жүзеге асыруға жол ашатын құнды ресурс.

Ана, жар ретіндегі әйелдің рөлі оның шығармашылық не кәсіби жетістіктерінен кем емес. Армандары орындалып, үміті ақталған әйел – айналасына қуаныш пен махаббат нұрын төгеді. Сол себепті бұл мереке жыл сайын үш рет – 21 ақпанда, 11 маусымда және 18 қазанда аталып өтеді.

Барша әйелді осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Бақытты болыңыздар!

👀1955 жылы 11 маусымда Франциядағы әйгілі “Ле-Манның 24 сағаты” жарысы кезінде автоспорт тарихындағы ең жантүршігерлік апат болды. Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген француз шабандозы Пьер Левег жылдамдығы 240 км/сағ болған сәтте басқаруды жоғалтып, қоршауға соғылады.

Көлік жарылып, бөлшектері трибунада отырған көрерменге ұшып түскен. Ресми мәліметке сүйенсек, апат салдарынан 83 адам қаза тауып, 120 адам жарақат алған. Кейбір дереккөздерде құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екені айтылады. 

Жолда абай болыңыз!

👥11 маусым — атақты екі адамның туған күні. 115 жыл бұрын аты аңызға айналған теңіздің тереңдігін зерттеуші Жак Ив Кусто (1910-1997) дүниеге келді. Ол 1943 жылы аквалангты ойлап тапты. Кусто 50-ден астам кітаптың авторы және деректі фильмдердің режиссері. Соның ішінде екеуі Оскарға ие болды. Плутондағы Кусто төбесі де оның құрметіне орай аталды. Сондай-ақ бүгін америкалық актер әрі режиссер Шайа Лабаф 39 жасқа толды. Өзінің мансап жолында ол 40-тан астам фильмде ойнады әрі “Трансформерлер” ғылыми-фантастикалық экшн фильміндегі басты рөлі арқылы кең танымалдыққа ие болды.