🌛Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны Рамазан айы басталды. Рамазан айы — ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын маусым. Биыл ораза 30 күн, яғни 9 сәуірге дейін жалғасады. Аңыз бойынша, дәл Рамазан айында Құранның алғашқы үзінділері Мұхаммед пайғамбарға жіберілген, сондықтан ол — қасиетті. Ал қадір түні (араб тілінде Ляйлят аль-кадр) Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Яғни, осы жылы 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Сонымен қатар Мұсылмандарға қаржылай садақа – фитр беру талап етіледі. Қазақстан халқының 70 пайызы — мұсылмандар.
Сіз ораза ұстайсыз ба?🌝
💫Бүгін — Дүниежүзілік мұсылман мәдениеті, бейбітшілік, диалог және кино күні. Бұл күн Калифорниядан келген жазушы әрі продюсер Джавед Мохаммедтің бастамасымен 2010 жылы белгіленді. Негізгі идеясы — ислам халықтарының мәдениеті, оның бірегейлігі мен алуан түрлілігі туралы ақпаратты тарату. Сонымен қатар мәдениеттер арасында басқа конфессия өкілдерімен диалог орнатып, өзара түсіністік үшін көпір құру мақсатында өнердің әртүрлі түрін пайдалану.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба❓
🕊Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы 87 жылдығын тойлап жатыр. 1937 жылы 11 наурызда республикалық ұйым КСРО-ның Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары негізінде құрылды. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін қоғам толық еркіндікке ие болды. Бұл ұйымның миссиясы – ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне, саяси сеніміне, тіліне қарай жасалатын кемсітулерде, қайғы-қасіреттен алдын алып, адамның қадір-қасиетін құрметтеуге шақырады.
Қызыл жарты ай қоғамында жұмыс істейтін достарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🎉
🫶Бүгін бүкіл әлем ғашықтары Ромео мен Джульетта күнін атап өтеді. Шекспирдің айтуы бойынша, 1302 жылы 11 наурызда Ромео Монтегю мен Джульетта Капулетке құда түсіпті. Аты аңызға айналған екі ғашықтың бейнесі жер бетінде әр кезеңдегі адамдарды алалаушылықтар мен фанатизмі бойынша түрлі бейнелерді қалыптастырып келеді. Әлем Ромео мен Джульеттадан адамның дұшпандық пен зұлымдық үшін жаралмағанын есімізге түсіретін махаббатты көрді. Итальяндық Веронада бұл кейіпкерлердің танымалдылығы соншалық, Джульетта клубының пайда болуына себеп болды. Қала ғашық жандардың сүйікті орындарының бірі.
Барша ғашықтарды көктемнің кезекті мерекесімен құттықтаймыз! 🥰