🗣Бүгін — Дүниежүзілік мұсылман мәдениеті, бейбітшілік, диалог және кино күні. 2010 жылы Калифорниялық жазушы әрі продюсер Жавед Мұхаммед негізін қалаған бұл күн мұсылман халықтарының мәдениеті туралы кеңінен ақпарат таратуға бағытталған. Оның басты мақсаты – ислам әлемінің мәдени ерекшеліктері мен сан қырлы келбетін көрсету, сондай-ақ өнердің түрлі түрлері арқылы өзге дін өкілдерімен диалог орнатуға және өзара түсіністікке жол ашу.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
💪11 наурыз – Дүниежүзілік су құбыры күні. Су құбырларының тарихы тереңде жатыр. Мысырда біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдары-ақ саздан және ағаштан жасалған құбырлар арқылы сарайларға су жеткізілгені белгілі. Бүгінде бұл күннің мақсаты – әлемде, соның ішінде Қазақстанда да, таза ауызсу мен санитарияға қолжетімділік мәселесі әлі толық шешілмегенін еске салу. Қазіргі таңда 2 миллиардтан астам адам тұрақты су көзінсіз өмір сүріп жатыр. Табиғи ресурстарды үнемдеу – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Егер краныңыздан су тамшылап тұрса, оны дереу жөндеңіз немесе сантехник шақырыңыз. Мұны жасау үшін арнайы “Дүниежүзілік су құбыры күнін” күтудің қажеті жоқ.
Сіз тұратын жерде су құбыры мәселесі шешілді ме?
🌛Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы 88 жылдығын атап өтіп жатыр. 1937 жылы 11 наурызда республикалық ұйым КСРО-ның Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары негізінде құрылды. Ал ел тәуелсіздік алғаннан кейін толық дербес ұйымға айналды. Қоғамның басты миссиясы – адамдардың азабын жеңілдету, төтенше жағдайлардың алдын алу және ешқандай ұлтқа, нәсілге, жынысқа, дінге, саяси көзқарасқа немесе әлеуметтік мәртебеге қарамастан, адамзатқа құрмет сезімін қалыптастыру.
Қызыл жарты ай қоғамында жұмыс істейтін достарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
💋Бүгін бүкіл әлем ғашықтары Ромео мен Джульетта күнін атап өтеді. 1302 жылы 11 наурызда Ромео Монтегю мен Джульетта Капулетке құда түсіпті. Аты аңызға айналған екі ғашықтың бейнесі жер бетінде әр кезеңдегі адамдарды алалаушылықтар мен фанатизмі бойынша түрлі бейнелерді қалыптастырып келеді. Адамзат қанша уақыт өтсе де, соғыстар, жікке бөлінушілік пен фанатизм бар жерде, бұл қос ғашықтың бейнесі жаңа қырынан көрініс таба береді. Ромео мен Джульетта бізге адамның өшпенділік пен зұлымдық үшін емес, сүйіспеншілік үшін жаратылғанын еске салады. Итальяндық Веронада бұл кейіпкерлердің танымалдылығы соншалық, Джульетта клубының пайда болуына себеп болды. Қала ғашық жандардың сүйікті орындарының бірі.
Барша ғашықтарды көктемнің кезекті мерекесімен құттықтаймыз!