💫Бүгін — Дүниежүзілік мұсылман мәдениеті, бейбітшілік, диалог және кино күні. Бұл күн Калифорниядан келген жазушы әрі продюсер — Джавед Мохаммедтің бастамасымен 2010 жылы белгіленді. Негізгі идеясы — ислам халықтарының мәдениеті, оның бірегейлігі мен алуан түрлілігі туралы ақпаратты тарату. Сонымен қатар мәдениеттер арасында басқа конфессия өкілдерімен диалог орнатып, өзара түсіністік үшін көпір құру мақсатында өнердің әртүрлі түрлерін пайдалану.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба❓
💦Сонымен бірге 11 наурыз — Дүниежүзілік су құбыры күні. Саздан және ағаштан жасалған құбырлар біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылы Египетте жұмыс істеп, сарайларды сумен қамтамасыз етті. Бұл күннің мақсаты – қазіргі таңда әлемде 2 миллиардтан астам адамның ауыз су мен гигиеналық тазалыққа қолжеткізе алмай отырғанын, оның ішінде Қазақстанда да табиғи ресурстарды құрметтеу керек екенін еске салу. Егер үйдегі құбырдан су тамшылап тұрса, оны дереу жөндеңіз немесе сантехникке хабарласыңыз. Себебі оны жөндету үшін міндетті түрде дүниежүзілік сантехника күнін күтудің қажеті жоқ.
Сіз тұратын жерде су құбыры мәселесі шешілді ме? 🙄
🕊Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы 86 жылдығын тойлап жатыр. 1937 жылы 11 наурызда республикалық ұйым КСРО-ның Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары негізінде құрылды. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін қоғам толық еркіндікке ие болды. Бұл ұйымның миссиясы – ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне, саяси сеніміне, тіліне қарай жасалатын кемсітулерде, қайғы-қасіреттен алдын алып, адамның қадір-қасиетін құрметтеуге шақырады.
Қызыл жарты ай қоғамында жұмыс істейтін достарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🎉
🫶 Бүгін бүкіл әлем ғашықтары — Ромео мен Джульетта күнін атап өтеді. Шекспирдің айтуы бойынша, 1302 жылы 11 наурызда Ромео Монтегю мен Джульетта Капулетке құда түсіпті. Аты аңызға айналған екі ғашықтың бейнесі жер бетінде әр кезеңдегі адамдарды алалаушылықтар мен фанатизмі бойынша түрлі бейнелерді қалыптастырып келеді. Әлем Ромео мен Джульеттадан адамның дұшпандық пен зұлымдық үшін жаралмағанын есімізге түсіретін махаббатты көрді. Итальяндық Веронада бұл кейіпкерлердің танымалдылығы соншалық, Джульетта клубының пайда болуына себеп болды. Қала ғашық жандардың сүйікті орындарының бірі.
Барша ғашықтарды көктемнің кезекті мерекесімен құттықтаймыз! 🥰