«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 Сәуір, 2024


🗣11 сәуір – Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарының азат етілген күні. Бұл күні 1945 жылы Бухенвальд концлагерінің тұтқындары азаптаушыларға қарсы шығып, “ажал лагерін” басып алды. Себебі бір күн бұрын басшылық тарапынан барлық тұтқынды өлтіру туралы бұйрық берілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 14 000 фашистік концлагерьге 20 миллион адам барды. Ешкімге аяушылық көрсетілмеді. Тұтқындар арасында тіпті қарттар мен балалар да болды. Мұнда бостандыққа қол жеткізе алмаған 11 миллионнан астам көз жұмды. Олардың арасында ең қорқынышты әрі адам саны басым “Освенцим” концлагері болды.

🤲Бүгін Балқаш тұрғындары қала күнін атап өтеді. 1937 жылы 11 сәуірде Балқашстрой ауылына қала мәртебесі берілді. Қаланың дамуы мыс кен орындарының ашылуы мен Балқаш кен-металлургия комбинатында мыс қорыту зауытының салынуына себеп болды. Бүгінде мұнда 80 мыңға жуық адам тұрады.

Егер Балқаш қаласынан таныстарыңыз болса, қала күнімен құттықтап қойыңыз!


👥Сонымен қатар бүгін – Дүниежүзілік Паркинсонға қарсы күрес күні. 11 сәуір осы ауруға түсінік берген ағылшын дәрігері Джеймс Паркинсон (1755-1824) дүниеге келді. Аталмыш ауру ортаңғы мидың арнайы аймағында дофамин затын бөлетін жүйке жасушаларының біртіндеп өлуінен туындайды. Қазақстанда Паркинсонмен ауыратындар саны 25 мың адамды құрайды. Жыл сайын олардың саны 2500 адамға артып келеді. Бүгінгі таңда ауру қарттармен қатар, 30-40 жастағы адамдар арасында да кездесіп жатыр. Сондықтан ертерек алдын алу шараларын сақтап, емделуді қолға алғаныңыз абзал.

Ауырмаңыз және өз денсаулығыңызға салғырттық танытпаңыз!

💃11 сәуір – Дүниежүзілік аниме күні. Жапон мультфильмдерінің басқа елдердің дәстүрінен айырмашылығы – оны жасөспірімдермен қатар ересектер де тамашалай алады. “Күн шығыс елдері” шығарған аниме серия әрі фильм түрінде де жарыққа шығады. Олар сурет арқылы кейіпкерлердің ерекше көрінісімен ерекшеленеді. Мультфильмдердің сюжеті – Жапонияның комикстеріне, компьютерлік ойындарына, махаббаты мен ғылыми фантастикасына негізделген. Аниме мәдениеті басқа елдер арасында тез тарап, кең танымалдыққа ие болды.

Қандай аниме кейіпкерлерін білесіз?