«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 июля, 2023


👏11 шілде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік халық күні ретінде аталып өтеді. 1800 жылға қарай халық санын 1 миллиардқа жеткізу үшін 200 000 жыл қажет болды. Ал кейін 8 миллиардқа дейін өсу үшін небәрі 200 жыл ғана жеткілікті болды. Болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай әлем халқының саны 9 миллиардтан асады. Оның 40 пайызы Қытай мен Үндістан тұрғындары болады. Алайда ғаламшар үлкен ауқымдағы тұрғындарға арналмаған. Мәселен, су және энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігі көптеген елдер арасында өзара соғысқа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрінің жойылып кетуіне, сайып келгенде, олардың өліміне әкелуі мүмкін.

🦷11 шілде — Дүниежүзілік шоколад күні. Шоколад жасауды бірінші болып ацтектер үйреніп, оны «құдайлардың тағамы» деп атады. Еуропаға алғаш әкелген испандық конкистадорлар оған «қара алтын» деген атау беріп, шоколадты дене күші мен төзімділікті нығайту үшін пайдаланды. Алғашында шоколадты сатып алуға байлардың ғана шамасы жетті. Ал 20 ғасырда ол көптеген адамға қолжетімді бола бастады. Бүгінгі таңда ғалымдар шоколадтың құрамында демалуға ықпал ететін және психологиялық қалпына келтіруге көмектесетін элементтер бар екенін анықтады. 

 

Сізге шоколадтың қай түрі ұнайды?

💃11 шілдеде косметологтар халықаралық эфир майлары күнін атап өтеді. Бүгінде хош иісті өсімдік сығындылары мыңдаған жылдарды артқа тастап, адамдарды емдеу мақсатында, яғни жан мен тәнді сауықтыру үшін қолданылады. Хош иісті шамдарды көп жағдайда бөлмеде жағымды иіс шығарып, қолайлы аура жасау үшін пайдаланады. Эфир майларынан косметикалар мен түрлі иіссулар жасалады. Сонымен қатар ингаляция үшін де қолданып, оны тұрмыстық химияға, пластмассаға, резеңкеге, лактар ​​мен бояуларға қосады. 

Эфир майларының қандай түрін қолданасыз? 

👥11 шілде атақты екі адамның туған күні. 165 жыл бұрын қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) дүниеге келді. Абайдың немере інісі мен шәкірті Кеңес өкіметі тарапынан жазықсыз сотталып, жасырын атылды. 1958 жылы ол ақталып шықты. Бірақ оның жұмысына тыйым салынды. 1986 жылы қазақ зиялыларының талабынан кейін оның поэзиясы халыққа қайтарылды. Сондай-ақ 113 жыл бұрын Дүниежүзілік мұхиттың француз зерттеушісі, фотограф, режиссер, өнертапқыш, көптеген кітаптар мен фильмдердің авторы Жак-Ив Кусто (1910-1997) дүниеге келді. Зерттеуші капитан Кусто Эмиль Ганьянмен 1943 жылы аквалангтарды жасап, оны сынап көрді.  Ол сонымен қатар су өткізбейтін камералар мен жарықтандыру құрылғыларын жасап шығарды. Мәслен, өнертапқыш алғаш рет су астындағы теледидар жүйесін ойлап тапты. Оның құрметіне Плутондағы Кусто шеті аталған.