🤩11 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен дүниежүзілік халықтың қоныстану күні аталып өтеді. 1800 жылға қарай халық санын 1 миллиардқа жеткізу үшін 200 000 жыл қажет болады деп есептеді. Ал кейін 8 миллиардқа дейін өсу үшін небәрі 200 жыл ғана жеткілікті болды. Болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай әлем халқының саны 9 миллиардтан асады. Оның 40 пайызы Қытай мен Үндістан тұрғындары болады. Алайда ғаламшар үлкен ауқымдағы тұрғындарға арналмаған. Мәселен, су және энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігі көптеген ел арасында өзара соғысқа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрінің жойылып кетуіне, сайып келгенде, олардың өліміне әкелуі мүмкін.
😇11 шілде — Дүниежүзілік шоколад күні. Шоколад жасауды алғаш рет ацтектер үйреніп, оны “құдайлардың тағамы” деп атады. Еуропаға алғаш әкелген испандық конкистадорлар оған “қара алтын” деген атау беріп, шоколадты дене күші мен төзімділікті нығайту үшін пайдаланды. Алғашында шоколадты сатып алуға байлардың ғана шамасы жеткен еді. Ал 20 ғасырда ол көптеген адамға қолжетімді бола бастады. Бүгінгі таңда ғалымдар шоколадтың құрамында демалуға мүмкіндік беретін және психологияны қалпына келтіруге көмектесетін элементтер бар екенін анықтады.
Сізге шоколадтың қай түрі ұнайды?
🌝11 шілдеде косметологтар халықаралық эфир майларының күнін атап өтеді. Бүгінде хош иісті өсімдік сығындылары мыңдаған жылды артқа тастап, адамдарды емдеу мақсатында, жан мен тәнді сауықтыру үшін қолданылып келеді. Хош иісті шамдар көп жағдайда бөлмеде жағымды иіс шығарып, жанға жайлы аура қалыптастырады. Сонымен қатар эфир майларынан косметикалар мен түрлі иіссулар жасалады. Тіпті оны ингаляция үшін де қолданып, тұрмыстық химияға, пластмассаға, резеңкеге, лактар мен бояуларға қосады.
Эфир майларының қандай түрін қолданасыз?
👥11 шілде — атақты екі адамның туған күні. 166 жыл бұрын қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) дүниеге келді. Абайдың немере інісі әрі шәкірті Кеңес үкіметі тарапынан жазықсыз сотталып, жасырын түрде атылды. Ал 1958 жылы ол ақталып шықты. Бірақ оның жұмыстарына тыйым салынды. 1986 жылы қазақ зиялыларының талабынан кейін оның поэзиясы халыққа қайтарылды. Сондай-ақ 114 жыл бұрын Дүниежүзілік мұхиттың француз зерттеушісі, фотограф, режиссер, өнертапқыш, көптеген кітаптар мен фильмдердің авторы Жак-Ив Кусто (1910-1997) өмірге келді. Зерттеуші капитан Кусто Эмиль Ганьянмен 1943 жылы аквалангтарды жасап, оны сынап көрді. Сонымен қатар су өткізбейтін камералар мен жарықтандыру құрылғыларын да жасап шығарды. Мәслен, өнертапқыш алғаш рет су астындағы теледидар жүйесін ойлап тапты. Оның құрметіне Плутондағы Кусто шеті аталған.