«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 декабря, 2023


🌤11 желтоқсан — Халықаралық таулар күні. Таулар әлемнің төрттен бір бөлігін алып жатыр. Мұнда әлемнің 15% адамы өмір сүреді. Сонымен қатар таулар экономиканың қарқынды дамуында маңызды роль атқарады. Бұл —  өсімдіктер мен жануарлардың қорығы. Олардың ұзындығы жүздеген, мыңдаған километрге дейін созыла береді. 

Ал сіз тауға барғанды ұнатасыз ба?

👃11 желтоқсан ДДҰ бастамасымен Дүниежүзілік демікпеге қарсы күрес күні аталып өтеді. Бронх демікпесі — ең көп таралған аллергиялық аурулардың бірі. Бұл адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатып, көбіне мүгедектікке ұшыратады. Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанда 10 000-ға жуық адам демікпе ауруынан зардап шегеді.  Олардың саны жыл сайын тек өсуде. Демікпенің себептері әлі толық зерттелмеген. Бірақ көп жағдайда аталмыш аурудан нашар ортада өмір сүретін, күйзеліс пен физикалық ауыртпалықты бастан өткеретін жандар зардап шегеді. 

Оқырмандарымызға зор денсаулық тілейміз! 

💃11 желтоқсанда жұптық би әуесқойлары халықаралық танго күнін атап өтеді. Бұл күні аргентиналық әнші әрі кино актері, әйгілі «Танго патшасы» Карлос Гардель (1887-1935) дүниеге келді. Танго — өмір кілті. Мұнда ер мен әйел ширақ қиымылы арқылы биде көп нәрсені түсіндіреді. Олардың қарым — қатынасы, құмарлығы, қақтығысы, екпіні, махаббаты, қызғанышы, жеккөру сезімдері бидің көркін ашады. Би барысында сөйлеуге, күлуге болмайды. Тіпті, жұбын дауыстап шақыруға да тыйым салынады. Тек көз бен еріннің жеңіл қозғалысына рұқсат етіледі.

Ал сізге танго биі ұнай ма?

👨‍👩‍👧‍👦1946 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ бастамасымен UNICEF балалар қоры құрылды. Халықаралық ұйым 190 елде жұмыс істейді. Олар белгілі бір себептерге байланысты өсу және даму мүмкіндігінен айырылған балалардың құқықтары үшін күреседі. 1992 жылы ақпанда UNICEF Қазақстанға алғашқы миссиясын ұйымдастырып, барлық балаларды қызылшаға және полиомиелитке қарсы иммундау жобасын іске қосты. Біздің елімізде 30 жыл ішінде UNICEF мандаты айтарлықтай кең етек жайды. Атап айтатын болсақ, вакциналарды, дәрі-дәрмектерді және басқа да материалдық көмекті жеткізуден бастап, қоғамның әлеуетін нығайтуға және озық әлеуметтік технологияларды енгізді.

 

#