«Үйде жатпа» күнтізбесі. 11 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 11 Желтоқсан, 2022


☑️ Бүгін – Халықаралық таулар күні. 

Мереке – 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді. Бұл күні тау аймақтарын тұрақты түрде дамыту үшін барлық жерде насиxаттау жүргізіліп, іс шараларды ұйымдастыруға үндеген.

Таулар әлемнің төрттен бір бөлігін алып жатыр, сондай-ақ таулар xалықтың он пайызына жуығының баспанасы болып табылады. Бұл көптеген өсімдіктер мен жануарларға арналған қорық. Олардың ұзындығы жүздеген, мыңдаған километрге дейін созыла береді. 

Қазақстанның әрбір өңірінде альпинизм мен туризмді дамытуға арналған таулар бар.

Тауға барғанды ұнатасыз ба?

☑️ 11 желтоқсан – Дүниежүзілік демікпеге қарсы күрес күні аталып өтеді. Бронх демікпесі – ең көп таралған аллергиялық аурулардың бірі. Бұл адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатып, көбіне мүгедектікке ұшыратады. Бронх демікпесі – тыныс жолдарының созылмалы қабынуы, жөтел, ентігу, ысылдау және кеудедегі қысылумен сипатталатын ауру. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде осы ауруға шалдыққае 300 миллионға жуық науқас бар. Зерттеулерге сүйенсек, демікпе ересектердің шамамен 5%-нда, ал балалардың 10% – нда кездеседі. Қазақстанда 10 000-ға жуық адам осы аурудан зардап шегеді.  Олардың саны жыл сайын тек өсуде.

Аталмыш күннің мақсаты – халықтың назарын кеңірдек демікпесі ауруына аудару, себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру, алдын-алу шараларын, демікпеге ұшыраған жағдайда жеңу жолын, ғылым саласында ашылға соңғы жаңалықтар туралы хабарлау.

Ауырмаңыздар, барлық оқырманға зор денсаулық тілейміз! 🙌🏻

☑️11 желтоқсан – Халықаралық танго күні. Бұл мерекенің дәл осы күнге қойылуы кездейсоқ емес. Себебі бүгін аргентиналық әнші, киноактер, атақты «Танго патшасы» Карлос Гардель (1887-1935) дүниеге келді. 

Тангоның алғаш қанат жайған жері – Аргентина. Кейіннен күллі әлем сүйсіне билейтін аса танымал биге айналды.

Танго – еркін композициялы, екпінділігімен және ширақ ритмімен ерекшеленетін, жұппен биленетін би.

Би барысында сөйлеуге, күлуге, тіпті, бір-бірінің көзіне тіке қарауға болмайды. Тіпті, дауыстап шақыруға да тиым салынады.

Ал сіз танго билеп көрдіңіз бе?

☑️ Сонымен қатар бүгін – қайтыс болған балаларды еске алуға арналған қайғылы күн. Бұл оқиға жыл сайын желтоқсанның екінші жексенбісінде өтеді. Аталмыш күн балаларын жоғалтқан ата-аналарға арналады. Иә, дәл осы күні жер бетіндегі көптеген адам жұмыр жүректерінің ауырсынуын бастан өткереді. Әлемнің түрлі халқы дүниеден өткен балаларды еске алу мақсатында сағат 19.00-де терезелерінің алдына шамдарын жағып қояды. Бір уақыт белдеуіндегі шамдар жанған кезде, жарық толқыны жер бетін қоршайды.