🫣12 қаңтар “құлшыныспен жұмыс істеу” күні аталып өтеді. Жаңа жылдық мерекеден кейін жұмысқа кірісу қиындық тудырады. Осы тұста, жалқаулығыңызды жеңіп, жұмысқа яки оқуға деген талпынысыңызды қайта оятуға тура келеді. Кәсіби міндетіне ден қоя алмай жүргендер үшін бұл күннің маңызы зор. Яғни, қызметкерлерді күш жинап, белсенді жұмыс істеуге шақырады. Психологтардың пікірінше әр адам өз-өзін шабыттандыра алады. Сондықтан мұндай күндердің көпшілік назарына ұсынылуы орынды деген пікірге келеді.
Ендеше барша оқырманға осы жылы қойған мақсаттарына сүрінбей жетсін деген тілек білдіреміз!
👍 1998 жылы 12 қаңтарда адамды клондауға тыйым салатын хаттамаға қол қойылды. Клондау технологиясы фантастикалық фильмдерді артқа тастап, бірте-бірте күнделікті өмірде шындыққа айналуда. Сонымен қатар Доллидің клондалған қойы туралы жаңалық 1990 жылдары бүкіл әлемді таңқалдырды. Ал бүгінде шоу-бизнес жұлдыздары үй жануарларын клондау үшін коммерциялық қызметтерді пайдаланады. Заманауи медицинаның мүмкіндіктерін ескерсек, техникалық тұрғыда адам клонын жасап шығару еш қиындық тудырмайды. Бірақ хаттамаға ресми түрде қол қойылғандықтан, ғылыми қауымдастық этикалық себептерге байланысты жасаудан бас тартады.
Ал сіз клондауға қалай қарайсыз?
🤩 2020 жылы 12 қаңтарда Димаш Құдайберген Қытайда өткен байқауда «Жылдың үздік әншісі» сыйлығын жеңіп алды. Қытайдың Шаньси провинциясының Пиньяо қаласында Азияның бірегей модельдері мен өнер қайраткерлерін марапаттау мақсатында Jstyle Exquisite Annual Awards 2019 рәсімі өтті. Аталмыш шарада әлемдік жұлдыздар өнер көрсетті. Сонымен қатар мұнда атақты адамдар, суретшілер, танымал блогерлер мен супермодельдер де бас қосты.
Сізге Димаштың қай әні ұнайды?
☑️12 қаңтар өмірге келген танымал тұлғалар. 112 жыл бұрын Қазақстанды 1960-1986 жылдары басқарған мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев (1912-1993) дүниеге келді. Оның билігі кезінде республика мұнай өндірудің ірі орталықтарының біріне айналып, еліміздің өндірістік әлеуеті 700%-дан аса өсті. Ол кезінде Өзбекстанға берілген Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын қайтарып алды. Қала берді Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға беру жөніндегі Орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. 1986 жылы Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына Геннадий Колбинді басшы етіп тағайындайды. Мұның соңы Желтоқсан көтерілісіне ұласты. Осыдан кейін билік мемлекет қайраткерін саяжайы мен жеке зейнетақысынан айырды. Осылайша Қонаев жинаған ақшасын, яғни 35 мың рубльді пәтер сатып алуға жұмсаған. Сонымен қатар бүгін халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік 24 жасқа толды. 2019 жылы ол шахматтың барлық түрі бойынша әлемде 20 жасқа дейінгі ең үздік шахматшы әйелдер тізімінде көш бастады. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық шахматшы классикалық, рапид және блиц бойынша әлемдік рейтингті бір уақытта бағындыра алмаған еді.
Сіздің қалаңызда Дінмұхамед Қонаевтың есімімен аталған қандай орындар бар?