👀Қазан айының әр екінші бейсенбісі Дүниежүзілік көру күні аталып өтеді. Әлемде 1,3 миллиард адам көру қабілетінің қандай да бір нашар түрімен өмір сүреді. 180 миллион адамның көру қабілеті нашар. Олардың 45 миллионы — соқыр. Соқырлық жағдайларының шамамен 80 % -ы науқастардың уақытында қажетті ем алмағанынан туындайды. Сол себепті дәрігерлер темекі шегуден және ішімдіктен бас тартуға, сондай-ақ көз торын нығайтатын тағамдарды үнемі тұтынуға кеңес береді. Мәселен, көкжидек, қарақат, сәбіз, бауыр, шөптер сияқты тағамдар өте пайдалы. Қала берді теледидар мен смартфонға аз уақыт бөлу ұсынылады.
💫2016 жылы 12 қазанда Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Алматының 1000 жылдығына арналған көрме өткізілді. Бірегей экспозиция аясында Алматының тарихы мен мәдениетінің сирек кездесетін жәдігерлері жиналды. Сондай — ақ ЮНЕСКО-ның қолдауымен «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» атты көрме өткізілді. Оған Азия-Тынық мұхиты аймағының 15 елінен 7000-нан астам жас суретшілер қатысты. Олар Қазақстанның мәдени астанасы туралы өз көзқарастарын қорытынды естелік альбомға жиналған картиналарда білдірді.
Қазақстандағы ең көне қаланы білесіз бе?
💫1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб Американы ашты. Үш кемеде 90 адамнан тұратын экспедиция Кариб теңізі архипелагындағы Сан-Сальвадор аралына жетіп, Еуропадан Үндістанға қысқа жол таптым деп қателеседі. Америкаға алғашқы испандықтардың келуі «испанидад» деп аталды. Бұл ұғым испан тілді халықтар достастығы тұжырымдамасымен байланысты. Испания аталмыш күнді испан өркениетінің туған күні деп санайды. Сондықтан 12 қазанда БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі ретінде испан тілі күні аталып өтеді.
👥12 қазан екі танымал ер адамның туған күні. 85 жыл бұрын қазақ суретшісі, Қазақстанның қазіргі туының авторы Шәкен Ниязбеков (1938-2014) дүниеге келді. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерінің көптеген туындысы өте құнды әрі бірнеше елдің көрмесінде жиі кездестіруге болады. Беделді қазақстандық және халықаралық марапаттардың иегері — Алматы қаласы елтаңбасының авторы. Сондай — ақ 88 жыл бұрын ең көрнекті опера әншілерінің бірі Лучано Паваротти (1935-2007) дүниеге келді. «Грэмми аңызы» арнайы сыйлығының иегері концерттеріне ең үлкен аудиторияны жинай алды. Мысалы Нью-Йоркте оны 500 мың көрермен тамашалауға келді. Паваротти қайырымдылық жұмыстарына ерекше көңіл бөлді. Ол босқындар мен Қызыл Крестке ақша жинау жұмыстары үшін марапаттарға ие болды.
Ұлы маэстроның туған күніне орай оны тағы бір рет тыңдайық. https://www.youtube.com/watch?v=cWc7vYjgnTs