🫳12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні. Өндірушілер көбінесе арзан жұмыс күшін пайдаланады. Сол себепті бала мүддесіне қайшы келетін және оның өмір сүру сапасына әсер ететін кез келген бала еңбегін түбегейлі жою керек. Қазақстанда заң бойынша 14 жасқа толған оқушыларға сабақтан бос уақытында ғана денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыстарды орындауға рұқсат берілген. 14 пен 16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағаттан, ал 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс істей алады. Бұл ретте кәмелетке толмаған баланың өзімен, ата-анасымен еңбек шартын жасасу міндетті.
💪1864 жылы 12 маусымда Ресей империясының әскерлері биліктің Азиядағы отарлау саясатын жалғастыра отырып, сол кезде Қоқан хандығының құрамында болған Түркістанға басып кірді. Бұл шайқаста Қожа Ахмет Яссауидің киелі кесенесінің күмбездері зеңбірек оғына ұшырап, қабырғалары қатты зақымданды. Кейін орыс әскерлері Әулие-Атаны, Шымкентті, Ташкентті алды. Әскери басшылықтың әрекеттері өте қатал болды. Әскери жорыққа қатысқан белгілі ғалым, офицер Шоқан Уәлиханов бас орыс генералына үзілді-кесілді наразылығын білдіріп, бірнеше қызу айтыстардан кейін орыс әскеріндегі қызметінен бас тартады.
👀Бүгін швейцариялық пышақтың пайда болған күні. 1897 жылы 12 маусымда швейцариялық өнертапқыш Карл Эльсенер екі жүзімен, бұрағышпен, консерві ашқышпен, штопормен жабдықталған ағаш сабы бар пышақты патенттеді. Бұл туындыны әскери адвмдар сатып алғандықтан, Швейцарияда оны бұл солдат пышағы деп атап кетті. Айта кетейік, швейцариялық пышақтың прототиптері ежелгі Римде болған.
Үйіңізде швейцар пышағы бар ма?
💃12 маусым өмірге келген атақты арулар. Бүгін бразилиялық супермодель Андриана Лима 42 жасын атап өтеді. Ол Victoria’s Secret және Maybelline компанияларының бет бейнесі ретінде танымал. Forbes журналының 2014 жылғы рейтингі бойынша ол әлемдегі ең жоғары жалақы алатын модельдердің бірі болды. 2015 жылы оның табысы 9 миллион долларды құрады. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса және модель Коди Хорн 35 жасқа толды. Ол модель әрі Ральф Лореннің бет-бейнесі болды. 2012 жылы ол Ченнинг Татумға қарсы «Супер Майк» фильмінде басты әйел рөлін ойнады.
Сізге қай актриса ұнайды: Адриана Лима немесе Коди Хорн?