🤓12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні. Қазіргі таңда кейбір өндіріс орындары арзан жұмыс күшін пайдалану мақсатында кәмелетке толмағандарды еңбекке жегіп жүр. Сол себепті бала мүддесіне қайшы келетін және оның өмір сүру сапасына кері әсерін беретін кез келген еңбек күшін түбегейлі жою керек. Қазақстан заңнамасы бойынша, 14 жасқа толған оқушыларға денсаулығына зиян келтірмейтін, әрі сабақтан бос уақытта ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 14 пен 16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істей алмайды, ал 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу 36 сағатты құрайды. Ең бастысы — жұмысқа қабылдау кезінде кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен немесе қамқоршысымен міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс.
🙃1864 жылы 12 маусымда Ресей империясының әскері Азиядағы отарлау саясатын жалғастыра отырып, сол уақытта Қоқан хандығының құрамында болған Түркістанға басып кірді. Бұл шайқаста Қожа Ахмет Яссауидің киелі кесенесінің күмбездері зеңбірек оғына ұшырап, қабырғалары қатты зақымданды. Кейін орыс әскері Әулие-Атаны, Шымкентті, содан соң Ташкентті алды. Әскери басшылықтың әрекеттері қатал түрде жүргізілді. Әскери жорыққа қатысқан белгілі ғалым, офицер Шоқан Уәлиханов бас орыс генералына үзілді-кесілді наразылығын білдіріп, бірнеше қызу талқылардан кейін орыс әскеріндегі қызметінен бас тартты.
👀Бүгін швейцариялық пышақтың пайда болған күні. 1897 жылы 12 маусымда швейцар өнертапқышы Карл Элзенер ағаш сапты, екі жүзді, бұрағышы, консерв ашқышы, бізі мен тығын ашары бар әмбебап пышаққа патент алды. Бұл туындыны әскери адамдар сатып алғандықтан, Швейцарияда оны “солдат пышағы” деп атап кетті. Айта кетейік, швейцариялық пышақтың прототиптері ежелгі Рим дәуірінде де болған.
Үйіңізде швейцар пышағы бар ма?
👥12 маусым — әлемге танымал екі сұлудың туған күні. Бүгін бразилиялық супермодель Андриана Лима 44 жасын атап өтеді. Ол Victoria’s Secret және Maybelline компанияларының бет-бейнесі ретінде танымал. Forbes журналының 2014 жылы шыққан рейтингі бойынша ол әлемдегі ең жоғары жалақы алатын модельдердің бірі болды. 2015 жылы оның табысы 9 миллион долларды құрады. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса әрі модель Коди Хорн 37 жасқа толды. Ол сән әлемінде Ralph Lauren брендінің моделі ретінде танылса, кино сүйер қауымға 2012 жылы жарық көрген “Супер Майк” фильміндегі басты әйел рөлі арқылы белгілі.
Сізге қай актриса ұнайды: Адриана Лима немесе Коди Хорн?