«Үйде жатпа» күнтізбесі. 12 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 12 Наурыз, 2024


📝2012 жылдың 12 наурызында Қазақстан Болон білім беру декларациясына қосылып, 47-ші мүшесі болып тіркелді. Осылайша Қазақстан еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі ретінде танылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды. Бұған дейін 145 қазақстандық университеттің 30-ы Болон декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Бұл еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

🎬12 наурыз – Дүниежүзілік кибер-цензураға қарсы күрес күні. Адамзат тарихында биліктегі адамдар БАҚ өкілдерінің сөз бостандығын шектеуге тырысты. Бүгінгі таңда тоталитарлық мемлекеттерде “цензура” идеологияны тарату үшін әрі билеушілердің билігін сақтап қалуда қолданылатын ең оңтайлы тәсілдерінің бірі. Заманауи технология заманында олар желіге тыйым салу арқылы интернет арқылы берілетін ақпаратты тарату еркіндігін шектеуге тырысуда.

🥹12 наурыз – Мұңаюға тыйым салу күні. Қыста күн көзінің ұзаққа созылмауынан әрі жылудың аз болуынан наурызда көп адамның мұңайып жүргенін байқаймыз. Психологтар депрессияға бейім адамдарға өз тәжірибесіне талдау жасауға және көктемгі күйзелістің себебін табуға кеңес береді. Бұл әрекеттен кейін адамдар әдетте өмірден түңіліп, қайғы-қасіретке қатты беріліп кетпейді. Аталмыш сезім көп жағдайда көктемде гормоналды деңгейдің өзгеруінен, витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігінен туындайды.

Барша оқырманымыздың әр күніне керемет көңіл күй тілейміз!

🍍Бүгін жеміс әуесқойлары Дүниежүзілік ананас күнін тойлайды. 1970 жылы 12 наурызда DEN MONTE GOLD деп аталатын ананастың ең дәмді сорты шығарылды. Аталмыш жеміс көпшілікке ерекше дәмі мен ағзаға тигізетін пайдасы арқылы танымал болды. Оның құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдардың жоғары мөлшері бар. Ананасты үнемі тұтынатын адам асқазан-ішек жол проблемаларынан алдын алады. Сонымен қатар ананас салмақ тастауға да зор әсерін тигізеді. Өйткені ананас – диеталық өнім. Оның құрамында талшықтың көп мөлшері бар.

Сізге қай жеміс көбірек ұнайды: ананас әлде банан? 🍌