«Үйде жатпа» күнтізбесі. 12 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 12 марта, 2025


✍️2012 жылдың 12 наурызында Қазақстан Болон білім беру декларациясына қосылып, 47-ші қатысушысы атанды. Осылайша, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында алғаш болып еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесі ретінде танылды. Бұл оқиғадан бұрын еліміздегі 145 жоғары оқу орнының 30-ы Болон декларациясының негізі болып табылатын Ұлы университеттік хартияға қол қойған еді. Осы қадам қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік берді.

 

👩‍💻12 наурыз — Дүниежүзілік кибер-цензураға қарсы күрес күні. Адамзат тарихында билік иелері әрдайым адамдар мен БАҚ өкілдерінің ой еркіндігін шектеуге тырысты. Бүгінде тоталитарлық мемлекеттерде цензура билік басындағылардың өз идеологиясын таратуы мен басқару тетігін сақтап қалуының бір құралына айналған. Қазіргі заманауи технологиялар дәуірінде интернет арқылы ақпарат тарату еркіндігіне шектеу қойылып жатыр. Кейбір елдерде билік өкілдері ғаламтордағы мазмұнға түрлі тыйымдар салу арқылы ақпарат ағынын бақылауға тырысып келеді.

😢12 наурыз — Мұңаюға тыйым салу күні. Қыстың ұзаққа созылған суығы мен күн сәулесінің жетіспеушілігінен көктемнің алғашқы айында көптеген адам жабырқаңқы көңіл күйге түседі. Психологтар депрессияға бейім жандарға өз сезімдерін талдап, көктемгі күйзелістің нақты себебін анықтауға кеңес береді. Көбіне мұндай күйдің ешқандай күрделі себептері болмайды. Ол негізінен көктемде ағзадағы гормоналды өзгерістерге, дәрумендер мен минералдардың тапшылығына және басқа да объективті факторларға байланысты болады. Бірақ бұлардың барлығымен оңай күресуге мүмкіндік бар.

Барша оқырманымызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз! 

😋Бүгін жеміс жақсы көретін жандар Дүниежүзілік ананас күнін тойлайды. 1970 жылы 12 наурызда DEN MONTE GOLD деп аталатын ананастың ең дәмді сорты шығарылды. Аталған жеміс көпшілікке ерекше дәмі мен ағзаға тигізетін пайдасы арқылы танымал болды. Бұл жеміс дәрумендер мен минералдарға бай, сондай-ақ асқорыту жүйесіне оң әсер етеді. Ананасты жиі тұтынатын адамдар асқазан-ішек жолы проблемасынан алдын алады. Сонымен қатар ананас салмақ тастауға да зор әсерін тигізеді. Өйткені ананас — диеталық өнім. Оның құрамында ағзаны тазартатын жасұнық бар.

Сізге қай жеміс көбірек ұнайды: ананас әлде банан?