«Үйде жатпа» күнтізбесі. 12 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 12 марта, 2023


📝2012 жылдың 12 наурызында Қазақстан Болон білім беру декларациясына қосылып, 47-ші мүшесі болып тіркелді. Осылайша Қазақстан еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі ретінде танылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды. Бұған дейін 145 қазақстандық университеттің 30-ы Болон декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Бұл еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

🎬Бүгін Лос-Анджелестегі «Долби» театрында «Оскар» марапаттау рәсімі өтеді. Сыйлық жеңімпаздары 17 гильдияға бөлінген 8000-нан астам Киноакадемия мүшелерінің жасырын дауыс беруі арқылы анықталады. Бастапқыда сыйлық 12 номинация бойынша берілсе, қазіргі уақытта Оскар 23 негізгі номинация бойынша беріледі. Әртүрлі сындарға қарамастан, “Оскар” басты халықаралық кино марапаттарының бірі болып есептеледі. Сондай-ақ оны жыл сайын әлемнің миллиондаған көрермені тамашалап келеді. 

 

Осы жылы қай фильм Оскардың бірнеше марапатына ие болады деп ойлайсың? 🏆

🚀 Наурыздың екінші жексенбісі – Халықаралық планетарийлер күні. Мерекенің мақсаты – халықты планетарийлердің қызметімен таныстырып, астрономиялық білімді насихаттау. Осыған қатысты шаралар қалалық планетарийлерде өткізіледі. Қазіргі таңда әлемде екі мыңнан астам планетарий бар. Қазақстанда соның ішінде Ақтөбе қаласында 1967 жылы бірінші стационарлық планетарий ашылды. Бүгінде аталмыш орын астрономиялық білімді дәріптейтін жетекші орталықтардың бірі. 

 

Жұлдыздарды тамашалағанды ұнатасыз ба?🌟

🍍Бүгін жеміс әуесқойлары — Дүниежүзілік ананас күнін тойлайды. 1970 жылы 12 наурызда DEN MONTE GOLD деп аталатын ананастың ең дәмді сорты шығарылды. Аталмыш жеміс көпшілікке ерекше дәмі мен ағзаға тигізетін пайдасы арқылы танымал болды. Оның құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдардың жоғары мөлшері бар. Ананасты үнемі тұтынатын адам асқазан-ішек жол проблемаларынан алдын алады. Сонымен қатар ананас салмақ тастауға да зор әсерін тигізеді. Өйткені ананас — диеталық өнім. Оның құрамында талшықтың көп мөлшері бар.

 

Сізге қай жеміс көбірек ұнайды: ананас әлде банан? 🍌