«Үйде жатпа» күнтізбесі. 12 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 12 Сәуір, 2024


🔭12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Бұл күн Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың (1899-1964) туған күніне орай бекітілді. Себебі Қазақстанның қазба байлығын ашу әрі геологиялық барлау тарихы осы кісінің есімімен байланысты. Оның құрметіне қала мен университетке, тау-кен металлургия комбинатына және 40-тан астам мектепке есімі берілген.

Егер таныстарыңыздың арасында ғылым қызметкерлері болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🚀Бүгін – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин қазақ жеріндегі “Байқоңыр” ғарыш айлағынан алғашқы сапарына аттанды. Осылайша, Қызылорда облысындағы “Байқоңыр” ғарыш айлағынан бастау алған “Восток” ғарыш кемесі Жерге жақын кеңістікте ғаламшарды айналып, орбиталық ұшуын жасады. Оның ұшу ұзақтығы 108 минутты құрады.

Қазақтың қандай ғарышкерлерін білесіз?


🏠12 сәуір қайғылы күндердің бірі – Халықаралық қараусыз қалған балалар күні. Түрлі деректерге сүйенсек, бүгінде әлемде 100-150 миллионға жуық қараусыз қалған бала бар. Олардың негізгі мәселесі кедейшілікпен, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықпен тығыз байланысты. Дәл осы себептермен қыздар мен жігіттер отбасылары мен үйлерінен айырылып, күндіз-түні қауіпті жерлерде өмір сүруге және күресуге мәжбүр болады.


🐎Бүгін дүниежүзінде атжалман күні аталып өтеді. Осындай сүйкімді әрі епті кеміргіштер өмірінің көп бөлігін күзендерде өткізіп келді. Ал 20 ғасырдан бастап олар жабайы жануардан үй жануарына айналды. Атжалмандарды (хомяк) АҚШ, Батыс Еуропа елдерімен қатар, Қазақстан халқы да ерекше жақсы көреді. Айтпақшы, алматылық Алина Ким – “Хомяк” лақап атымен танымал ТМД елдері арасындағы ең танымал тиктокер қыз.

Сізге қай жануар ұнайды: атжалман немесе қоян?