💼 12 сәуір – Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күні. Бұл күн Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, қазақтың тұңғыш академигі — Қаныш Сәтбаевтың (1899-1964) туған күніне байланысты бекітілді. Себебі Қазақстан жер қойнауының байлығын ашу әрі геологиялық барлау тарихы осы кісінің есімімен байланысты. Оның құрметіне орай қала, университет, тау-кен металлургия комбинаты және 40-тан астам мектеп аталған.
Егер таныстарыңыздың арасында ғылым қызметкерлері болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
✈️ Бүгін — Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер — Юрий Гагарин алғашқы сапарына қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанды. Осылайша, Қызылорда облысындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан бастау алған «Восток» ғарыш кемесі Жерге жақын кеңістікте ғаламшарды айналып, орбиталық ұшуын жасады. Ал ұшу ұзақтығы 108 минутты құрады.
Қазақтың қандай ғарышкерлерін білесіз?
😪 12 сәуір қайғылы күндердің бірі – Халықаралық панасыз қалған балалар күні. Түрлі деректерге сүйенсек, бүгінде әлемде 100-150 миллионға жуық қараусыз қалған балалар бар. Олардың негізгі мәселесі кедейшілікпен, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықпен тығыз байланысты. Дәл осы себептермен қыздар ме жігіттер отбасылары мен үйлерінен айырылып, қауіп-қатерге бас тігіп, күресуге мәжбүр болады.
🐹 Бүгін — Дүниежүзілік атжалман күні аталып өтеді. Осындай сүйкімді әрі епті кеміргіштер өмірінің көп бөлігін күзендерде өткізетін жабайы жануарлар. 20 ғасырдан бастап ол үй жануарына айналды. Атжалмандарды (хомяк) АҚШ, Батыс Еуропаның елдерімен қатар, Қазақстан халқы да ерекше жақсы көреді. Айтпақшы, алматылық Алина Ким – “Хомяк” лақап атымен танымал ТМД елдеріндегі ең танымал тиктокер қыз.
Сізге қай жануар ұнайды: атжалман немесе қоян?