«Үйде жатпа» күнтізбесі. 12 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 12 Шілде, 2023


⭐️1752 жылы 12 шілдеде Есіл өзенінің оң жағасындағы Қызылжар қонысының орнына Петропавл қаласының негізі қаланды. Ол «Қазақстанның Солтүстік қақпасы» деп аталады. Қаланың ерекшелігі оның географиялық орналасуында, тарихи мұрасында және бірегей сәулеттік келбетінде жатыр. Мұнда 222 мыңнан астам көп ұлтты халық тұрғандықтан, қаланың өзіндік дәстүрі бар.

 

Петропавлдық оқырмандарымызды қала күнімен құттықтаймыз! 

✍️1925 жылы 12 шілдеде Қазақстан Жазушылар одағы құрылды. Оны жасаушылар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері. Атап айтатын болсақ, жазушылар – Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлин болды. Республика жазушыларының бірінші съезі 1934 жылы өтті. Оған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов және т.б. қатысты. Мұнда қазақ әдебиетінің негізгі қағидалары туралы үлкен әңгіме өрбіді. Бүгінгі таңда Қазақстан Жазушылар одағы 750-ден астам кәсіби жазушыны біріктіріп отыр. 

🤝1993 жылы 12 шілдеде Алматыда ТҮРКСОЙ ұйымы құрылды. Түркі өнерін бірлесіп дамыту мен ортақ материалдық және мәдени ескерткіштерді болашақ ұрпаққа беру туралы келісімге – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан елдері қол қойды. Кейін ұйымға Татарстан, Алтай, Якутия, Башқұртстан, Тыва, Хакасия, Гагаузия және Солтүстік Кипр бақылаушы ретінде қосылды. 

👏12 шілде екі кәсіби мереке аталып өтеді. Бүгін-Дүниежүзілік бортсерік күні. Азаматтық авиацияның дамуының басында стюардессалардың алғашқы қызметтерін қымбат мейрамханалардағы даяшы ер адамдар атқарды. Бірақ 1930 жылы АҚШ-та ерекше идея пайда болып, бұл жұмысқа сүйкімді қыздарды да тарта бастады. Сондай-ақ бүгін – Халықаралық фотографтар күні. Яғни, фотосурет жасау процесін меңгеруге, дамытуға, түсінуге және жетілдіруге өз өмірін беретін шеберлердің күні ретінде тойланады.

 

Достарыңыздың арасында таныс фотографтар мен стюардессалар болса, бүгінгі мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз.