👍1752 жылы 12 шілдеде Есіл өзенінің оң жағасындағы Қызылжар қонысының орнына Петропавл қаласының негізі қаланды. Ол “Қазақстанның Солтүстік қақпасы” деп аталады. Қаланың ерекшелігі оның географиялық орналасуында, тарихи мұрасында және бірегей сәулеттік келбетінде жатыр. Мұнда 222 мыңнан астам көп ұлтты халық тұрғандықтан, қаланың өзіндік дәстүрі бар.
Петропавлдық оқырмандарымызды қала күнімен құттықтаймыз!
👥1925 жылы 12 шілдеде Қазақстан Жазушылар одағы құрылды. Оны жасаушылар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері. Атап айтатын болсақ, жазушы – Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлин. Республика жазушыларының бірінші съезі 1934 жылы өтті. Оған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов және т.б. қатысты. Мұнда қазақ әдебиетінің негізгі қағидалары туралы үлкен әңгіме өрбіді. Бүгінгі таңда Қазақстан Жазушылар одағы 750-ден астам кәсіби жазушыны біріктіріп отыр.
✔️1993 жылы 12 шілдеде Алматыда ТҮРКСОЙ ұйымы құрылды. Түркі өнерін бірлесіп дамыту мен ортақ материалдық және мәдени ескерткіштерді болашақ ұрпаққа беру туралы келісімге – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан елдері қол қойды. Кейін ұйымға Татарстан, Алтай, Якутия, Башқұртстан, Тыва, Хакасия, Гагаузия және Солтүстік Кипр бақылаушы ретінде қосылды.
🔥Шілде айының әр екінші жұмасында дүниежүзілік кәуап күні аталып өтеді. Қуырылған ет құрамында аминқышқылдары, май, мырыш, В және А дәрумені, темір мен ақуыз бар. Сондай-ақ ет ағзаның қорғаныс қабілеті мен энергетикалық әлеуетін арттыруға, йод тапшылығы мен анемияны азайтуға көмектеседі. Сондықтан дене еңбегімен айналысатын адамдардың тамақтану тәртібінде ет міндетті түрде болуы керек. Бірақ диетологтар еттің ағзаға кері әсерін азайту үшін оны көкөністер мен шөптермен бірге жеген дұрыс деп кеңес береді.
Сізге қай тағам түрі ұнайды: кәуап әлде бешбармақ?
#күнтізбе #14сәуір #кәуап