💃12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Қазіргі таңда 15 пен 24 жас аралығындағы жастардың саны әлем халқының 15,5%-ына сәйкес келеді. Бұл әлемдік жұмыс күшінің төрттен бірін, алайда жұмыссыздардың жартысын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы мұны әлемдегі саяси тұрақсыздықпен, еңбек нарығындағы құбылмалылықпен, сонымен қатар жастардың саяси және әлеуметтік өмірге араласуына шектеу қойылуымен байланыстырады. Сондықтан жастар көп жағдайда оқшауланып жатады.
Оқырмандарымыздың жеке және кәсіби өмірі тек жақсылыққа толы болсын деп тілейміз!
🐘12 тамыз — Дүниежүзілік піл күні. Бұл күннің мақсаты — американдық және азиялық пілдердің популяциясын қорғау және сақтау қажеттілігі туралы ақпарат тарату. Пілдердің саны экологияның, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуынан, заңсыз піл аулаушылардың әрекетінен азаюда. Сондай-ақ джунгли ормандарының оталуы, тіршілік ету аймағының тарылуы, су мен азықтың жетіспеуін де атап өту керек.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👀2012 жылы 12 тамызда Лондонда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев алтын медаль жеңіп алып, турнирдің үздік боксшысы ретінде Вэла Баркер кубогына ие болды. Сондай-ақ бұл күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі марапатпен толықты. Атап айтатын болсақ, боксшы Әділбек Ниязымбетов күміс, балуан Ақжүрек Таңатаров қола медальді иеленді. Жалпы, Лондон Олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан түрлі аталым бойынша 13 медаль — 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Келесі жылы Парижде өтетін ойында спортшыларымыздың жүлделі орындарға ие болуын тілейміз!
👥2016 жылдың 12 тамызында ұлттық балет өнерінің жұлдызы, “Астана Опера” театрының жетекші солисті Бақтияр Адамжан Сеулде өткен ХІІІ халықаралық би байқауында жеңімпаз атанды. Әртіс ерлер арасында “Классикалық би” аталымы бойынша үлкен топта 1-орынды иеленіп, көрермендермен қатар беделді қазылар алқасын да өзінің виртуоздық техникасымен және жоғары кәсіби орындауымен таңғалдырды. Кореяның ұлттық театрында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты балет әртістері жүлделі орындар үшін бақ сынады. Осылайша 11 бен 35 жас аралығындағы бишілер үш номинация – классикалық, заманауи және халық биі
бойынша өнер көрсетті.