«Үйде жатпа» күнтізбесі. 12 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 декабря, 2022


☑️ 13 желтоқсан — Халықаралық скрипка күні аталып өтеді. Әлемдегі ең танымал музыкалық аспапты кімнің ойлап тапқаны әлі күнге дейін белгісіз. Алайда оның пайда болғанына шамамен 500 жыл уақыт болды деген болжам бар. Бұл аспап қазақ қобыз, Араб ребаб, испан фиделі, Британдық кроттаға ұқсас болып келеді. Бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне скрипканы Голландия мұражайында сақталған. Әлемдегі ең қымбат скрипканы 1741 жылы Джузеппе Гуарнери жасаған. Оның құны — 18 миллион доллар.

 

Қазақ скрипкашыларының қайсысын білесіз?

☑️ 18 жыл бұрын Астананың вокзал маңында Қазақстандағы ең көне паровозға тұғыр орнатылды. Бұл — Эш-4161 сериялы паровозы биыл 100 жылдығын атап өтті. 1922 жылы Кеңес үкіметі Швецияда осындай 1000 машинаға тапсырыс беріп, олардың құнын алтынмен төледі. 1922 жылдан 1982 жылға дейін, яғни 60 жылдан аса уақыт бойы паровоз Қазақстанның темір жолдарында және басқа да бұрынғы одақтас республикалардың магистральдарында пайдаланылды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан алдындағы учаскелерге жүктерді жеткізу үшін қолданды. 

 

Тарихы терең паровоздың құны жоғалмайтыны рас. 

☑️ 2013 жылы 13 желтоқсан — Астанада «Жас тұлпар» сыйлығының тұңғыш иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық халық бірлігін сақтауға және оны нығайтуға, демократиялық мәдениет пен дәстүрлерді дамытуға, жастардың құндылығы мен рухын тәрбиелеуге үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі. «Жас тұлпардың» алғашқы лауреаттары — Данияр Елеусінов, Нұрлан Әлімжан, Жансая Әбдімәлік болды. 

Биыл бұл марапатқа кім ие болады деп ойлайсыз? 🤔

☑️ 13 желтоқсан — танымал тұлғалардың туған күні. 53 жыл бұрын қазақстандық әнші, «Я — это ты, ты – это я» суперхитінің авторы — Мұрат Насыров (1969-2007) дүниеге келді. Біз оны «Мальчик хочет в Тамбов» және «Я — это ты, ты – это я» суперхит орындаушысы ретінде еске аламыз. Ол «Ялта-1991» байқауында жеңіске жеткеннен кейін Ресейде тұрып, жұмыс істеді. Өмірінің 38-ші жылында ол Мәскеудегі пәтерінің балконынан құлап, сол жерде қайтыс болды. Ол Алматыда әкесінің қасында жерленген.  Сонымен қатар бүгін америкалық актер, «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарының иегері — Джейми Фокс 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. «Законопослушный гражданин», «Джанго освобождённый», «Штурм Белого дома», «Новый Человек-паук: Высокое напряжение» фильмдеріндегі рөлдер оның жұлдызын биікте жарқыратты. 

 

Сізге Мұрат Насыровтың қандай әндері ұнайды?