👏Бүгін — Қазақстан кеденшілерінің кәсіби мерекесі. 1991 жылы 12 желтоқсанда Мемлекеттік кеден комитеті құрылды. Еліміздегі кеден қызметкерлерінің негізгі міндеті — экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, материалдық және мәдени құндылықтардың заңсыз шығарылуына, қару-жарақ пен есірткі заттарының әкелінуіне жол бермеу, контрабандаға қарсы күрес жүргізу, республикалық бюджетке кедендік алымдардың түсуін қамтамасыз ету, азаматтар мен көліктердің шекара арқылы қозғалысын ұйымдастыру және басқа да маңызды жұмыстарды орындау болып келеді.
Егер таныстарыңыздың арасында кеден қызметкерлері болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
👥12 желтоқсанда Халықпаралық денсаулық сақтау қызметін жалпыға бірдей қамту күні аталып өтеді. Өздеріңіз білетіндей, әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесінің күшін айтарлықтай сынады. Аталған жағдай халық кез келген уақытта медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж болатынын түсіндірді.
⚖️12 желтоқсанда БҰҰ бастамасымен халықаралық бейтарап күні аталып өтеді. Бұл күннің негізгі мақсаты – соғыстан бас тартып, бейбіт уақытта әскери күшті қолданбауға бағытталады. Әртүрлі тарихи кезеңде бейтарап саясатын ұстанған мемлекеттер өздерін және қарапайым халқын көршілес аумақта болған соғыстардың жойқын әсерінен қорғауға тырысты. Ел президенті көрші мемлекеттермен және ел ішінде бейбітшілікті сақтау үшін Қазақстан бейтарап саясатты ұстанатынын айтып отырады.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👥12 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. 109 жыл бұрын америкалық мәдениеттің аңызы Фрэнк Синатра (1915-1998) дүниеге келді. 60 жылдық мансап жолында ол екі мыңнан астам ән орындап, әлемнің 40-тан астам еліне гастрольдік сапар жасады. Актер 60 фильмде өнер көрсетті. Сонымен қатар 96 жыл бұрын Қырғызстан мен Қазақстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматов (1928-2008) өмірге келді. Оның қалам қуатынан туындаған шығармалары ерекше.
Сізге Шыңғыс Айтматовтың қай шығармасы ұнайды?