🌚1915 жылы 13 ақпанда Семейде еуропалық үлгідегі алғашқы театр қойылымы сахналанды. Сол кезеңде қазақ пьесаларының әдеби нұсқалары жеткіліксіз болғандықтан, әйгілі Біржан мен Сара айтысының көркемдік вариациясы пайдаланылды. Қойылымның режиссері әрі сахналық мәтіннің редакторы – қазақ драматургиясы мен романының негізін қалаушы Жүсіпбек Аймауытов болды.
Сізге қай қазақ пьесасы ұнайды?
🗣Бүгін БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік радио күні аталып өтеді. Бұл мерекенің мақсаты – халықаралық деңгейде БАҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Себебі ақпараттық соғыс кейде нағыз қарулы қақтығыстан да зиянды болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл – радио хабарларын әзірлеуге, таратуға және радиостанцияларды басқаруға үлес қосатын барлық маманның кәсіби мерекесі. Қазіргі таңда Қазақстанда FM толқынында 35 радиостанция хабар таратады. Оның ішінде ең ірі 12 радиостанция бар.
Сіз радионы қаншалықты жиі тыңдайсыз?
🫂Бүгін әлеуметтік желідегі достар күні аталып өтеді. Қазіргі заман адамының өмірі сан алуан оқиғаларға толы. Күнделікті қарбалас тіршілікке байланысты адамдардың жүзбе-жүз кездесуге, жаңа таныстықтар орнатуға уақыты тапшы. Алайда қарым-қатынасқа деген қажеттілік ешқашан жойылмайды. Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер адамдарға кең мүмкіндік ұсынып, ара-қатынасты сақтауға жағдай жасап отыр. Онлайн достық шынайы өмірдегі қарым-қатынастан кем түспейді деуге болады. Кейбір интернет арқылы танысқан достарыңызбен шынайы өмірде жүздесіп көрдіңіз бе?
👥13 ақпан — атақты екі адамның туған күні. 88 жыл бұрын қазақ тележурналистикасының негізін қалаушы Марат Барманқұлов (1937-2000) дүниеге келді. Ол қазақ телевизиясындағы алғашқы циклдық бағдарламалардың авторы. Оның “Жүз жол – жүз соқпақ” бағдарламасы спорт пен туризмді, Іле Алатауының әсем тауларын насихаттайды. Барманқұлов журналистика, телевизия, мәдениеттану және түркітану бойынша 20-дан астам монография жазды. Сонымен қатар бүгін британдық әнші, композитор және актер Робби Уильямс 51 жасқа толды. Өнер иесінің гастрольдік концертіне бір күнде 1,6 миллион билет сатылған. Осы көрсеткішпен ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. XXI ғасырдағы Еуропаның ең табысты орындаушысы саналатын ол өзінің ерекше дауыс тембрі мен орындау мәнері үшін “ХХІ ғасырдың Фрэнк Синатрасы” атанды.
Сізге Робби Уильямстың қай әні ұнайды?