«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 Ақпан, 2024


🕺 1915 жылы 13 ақпанда Семейде еуропалық үлгі бойынша алғашқы театр қойылымы болды. Қазақ пьесаларының сценарийінің тапшылығына байланысты әдеби вариацияда белгілі Біржан мен Сара айтысы пайдаланылды. Сахналық мәтіннің режиссері әрі редакторы қазақ драмасы мен романының негізін қалаушы Жүсіпбек Аймауытов болды. 

Сізге театр қойылымында қазақтың қай пьесасы ұнайды?

🦻Бүгін БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік радио күні аталып өтеді.  Бұл күннің мақсаты халықаралық медиа ынтымақтастығын нығайтуға бағытталады. Өйткені ақпараттық соғыс шынайы соғыстан әлдеқайда жойқын болуы мүмкін. Аталмыш мерекені тікелей бағдарлама шығарушылар, хабар таратушылар және қызмет көрсету станцияларымен байланысты барлық адам атап өтеді. Қазақстанда 35 радиостанция FM диапазонында хабар таратады. Оның ішінде ең үлкен 12 радиостанция бар. 

Сіз радионы қаншалықты жиі тыңдайсыз?

🫂 Бүгін әлеуметтік желідегі достар күні аталып өтеді. Байқап жүргендеріңіздей, қазіргі таңда адам өмірі түсініксіз жағдайда түрлі оқиғаға толы болып кетті. Мәселен, күнделікті күйбең тіршілікке байланысты адамдармен тікелей қарым-қатынас орнату, жеке кездесулер ұйымдастару, танысу қиындап барады. Дегенмен адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі сақталады. Бүгінде әлеуметтік желілер қарым-қатынастың сақталуына үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Әлеуметтік желідегі достарыңызды шынайы өмірде танисыз ба? 

👥 13 ақпан екі атақты адамның туған күні. 87 жыл бұрын қазақ тележурналистикасының негізін қалаушы Марат Барманқұлов (1937-2000) дүниеге келді. Ол қазақ телевизиясындағы алғашқы циклдық бағдарламалардың авторы. Оның “Жүз жол – жүз жол” бағдарламасы спорт пен туризмді, Іле Алатауының әсем тауларын насихаттайды. Барманқұлов журналистика, телевизия, мәдениеттану және түркітану бойынша 20-дан астам монография жазды. Сонымен қатар бүгін британдық әнші, композитор және актер Робби Уильямс 50 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесінің гастрольдік концертіне бір күнде 1,6 миллион билет сатылған. Осы көрсеткішпен ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. Уильямс XXI ғасырда Еуропадағы ең табысты орындаушылардың бірі. Өзіне тән дауыс тембрі мен орындау әдісі үшін оны “ХХІ ғасырдың Фрэнк Синатрасы” деп атайды.

Сізге Робби Уильямстың қай әні ұнайды?