💪13 қаңтар — Армандар орындалатын күн. Көптеген адам армандарының тек арман күйінде қалуына жол беріп жатады. Алайда мұндай жағдайдан алдын алу үшін оларды жүзеге асыруда ерік-жігерді іске қосқан жөн. Осы тұста, психологтар мақсатқа жету үшін нақты жоспар құруды ұсынады. Себебі мұнда сіз қалаған нәрсенің мерзімі мен кезеңдері болады. Бұл күннің мақсаты – армандарымызды жүзеге асыруға ынталандыру.
Армандар орындалады! Бастысы — үйде жатып, ғажайып күтпеңіз!
👄13 қаңтарда жоғары сезімталдық күні аталып өтеді. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, әлем халқының 15-тен 25%-ға дейіні жоғары сезімталдыққа ие. Мәселен, кино тамашалаған сәтте көз жасына ерік беру, өзгелердің қуанышы мен қайғысына ортақтасуы, табиғаттың сұлулығын сезіну, әділетсіздікке ашулану, дау-дамайдан сағаттап қиналу – осы жандарға тән. Кейде сезімталдығы жоғары адамдар тыныш өмірді қалап, нәтижесінде көп танысынан бас тартып жатады. Олар жайлы әрі баяу өмір сүру арқылы өз қалыптарына келеді. Сондықтан адамдар жоғары сезімталдығын жасырып қалмау үшін осы мереке пайда болды.
Егер сіздің айналаңызда сезімталдығы жоғары адамдар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🐥Бүгін көңілді мерекелердің бірі резеңке үйрек күні аталып өтеді. Бұл ойыншық әлемде ең танымал жиырма сыйлықтың қатарына кіреді. Тіпті II Елизавета патшайымының да жуынатын бөлмесінде өз үйрегі болған. Ал 2001 жылы патшайым бұл әрекетін мойындағаннан кейін резеңке үйректің сатылымы 80% -ға дейін өсті. Байқасаңыз, балалар қалқымалы резеңке үйректі жақсы көреді. Өйткені онымен ойнау өте қызық. Бұл мереке ересек адамдардың балалық шақтағы естеліктерін қайта жаңғырту үшін ойлап табылған.
Ал сізде бала кезіңізде резеңке үйрек болды ма?
👥13 қаңтар — танымал екі адамның туған күні. Бүгін қазақ әншісі әрі актриса Карина Абдуллина 49 жасқа толды. Өнер иесі 14 жасынан бастап ән айта бастады. Ал 17 жасында Мәскеудегі Бүкілодақтық «Таңғы жұлдыз» телевизиялық байқауының гран-при иегері атанды. «Мюзикола» дуэтінің құрамында жүріп Абдуллина, Нью-Йоркте өткен «Big Apple music 96» халықаралық танымал музыка байқауында бірінші орын иеленді. 2008 жылы ол кинода дебют жасады. Нақтырақ айтақ, «Мұстафа Шоқай» тарихи фильміндегі басты әйел рөліне шақырылды. 2014 жылы Карина Қазақстан тарихында алғаш рет Геннадий Головкиннің жекпе-жегі кезінде бокс рингінде ұлттық әнұранды орындады. Сондай-ақ бүгін британдық киноактер Орландо Блум 48 жасын атап өтеді. Ол көпшілікке “Властелин колец”, “Хоббит” және “Пираты Карибского моря” фильмдеріндегі рөлімен танымал. Орландо — көптеген беделді кино марапаттарының иегері. 2004 жылы Empire журналы Блумды қазіргі заманның ең сымбатты әрі тартымды актері деп атады.
Сізге Орледно Блумның қай фильмі ұнайды?