👣13 қараша — Дүниежүзілік мейірім күні. Жақсылық жасау өте қарапайым іс-әрекеттерден тұрады. Себебі ол үлкен күш пен көп қаражатты талап етпейді. Ғалымдардың болжауынша, ақкөңіл адамдардың жасы ұзақ болады және олар өмір сүрген жылдарынан бақыт пен ләззат ала біледі. Сонымен қатар рухани кемелдену көңіл күйді көтеретін серотонин гармонын бөліп, адамның пайдалы істер атқаруына себепші болатынын да анықтады.
Сіз ізгі амалдарды қаншалықты жиі жасайсыз?
👀13 қараша — Халықаралық зағиптар күні. ДДҰ мәліметтері бойынша, бүгінде әлемде 2 миллиардтан астам адам көру қабілетінің қандай да бір түрінен зардап шегуде. Оның 36 миллионы — соқыр. Ал Қазақстанда 20 мыңнан астам адамның көзі нашар көреді. Адам есейіп, жасы ұлғайған сайын көру қабілеті бұзылады. Сондықтан одан алдын алу үшін көз жаттығуларын үзіліссіз жасап отыруға кеңес береміз.
Денсаулығыңызға және көзіңізге қамқор болыңыз!
👤2017 жылдың 13 қарашасында Жезқазғанда қолбасшы әрі Шыңғыс ханның замандасы Кетбұға жырауға ескерткіш орнатылды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының өлімін баяндайтын әйгілі “Ақсақ құлан” күйінің авторы тарих беттерінде ерекше есіммен қалды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 10,5 метрді құрайды. Мүсіннің авторы – Асқар Нартов.
Жыраулардан тағы кімді білесіз?
👥13 қараша — атақты екі актердің туған күні. Бүгін америкалық актриса, әзілкеш, жазушы, продюсер және тележүргізуші Вупи Голдберг 69 жасқа толды. Өнер иесі Американың төрт беделді марапатына ие болған санаулы тұлғалардың бірі. Атап айтатын болсақ, Оскар, Грэмми, Эмми және Тони сыйлықтары. Голдберг 1980 және 1990 жылдардағы ең жарқын Голливуд жұлдыздарының бірі. Сондай-ақ бүгін британдық актер Джерард Батлер 55 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Призрак Оперы”, “300 спартанцев”, “Падение Олимпа” және “Боги Египта”фильмдеріндегі рөлімен көпшілікке танымал.
Сізге қай актер ұнайды: Вупи Голдберг немесе Джерард Батлер?