«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 Қазан, 2023


📆Бүгін – 13 жұма немесе «келеңсіз жайттар күні». Ырымдарға сүйенсек дәл осы күні кез келген қиындыққа дайын болуыңыз керек және сәтсіздіктерден сақ болуға тырысыңыз. Психологтар мұны «параскаведекатриафобия» – 13-ші жұмадан қорқу деген түсініктіме. Бұл терминді енгізген доктор Дональд Досси оны иррационалды қорқыныштарды емдеудің бір бөлігі ретінде қарастырды. Бұл сөзді ойланбастан бірнеше рет айта алсаңыз, 13-ші жұмаға деген қорқынышыңыз өздігінен жойылады деп сендіреді.

Оқырмандарымыз бұл күнді ырым сеніп емес, әзілмен қабылдайды деп үміттенеміз!

🪄13 қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен апаттар қаупін азайтудың халықаралық күні аталып өтеді. Әлемде жер сілкінісі, циклон, су тасқыны және құрғақшылық құрбандарының саны артып келеді. Күніне орта есеппен 200-ге жуық адам қайтыс болады. Қазақстанда көшкін, су тасқыны, сел, қуаңшылық, қар көшкіні және ауа температурасының күрт өзгеруі жиі кездеседі. Бұл табиғи апаттар жыл сайын 477 миллион доллар экономикалық шығынға, ал ең сорақысы адам өліміне әкеледі.

Биылғы жылы қандай табиғи апаттар есте қалды?

🍳Қазан айының әр екінші жұмасында Дүниежүзілік жұмыртқа күні аталып өтеді. Жұмыртқа көптеген пайдалы заттар мен дәрумендерден тұратын керемет, диеталық ақуыз өнімі. Әлемде ұзақ өмір сүретін жапон халқы жұмыртқалардың адам ағзасына пайдасы туралы айтып келеді. Ал 100 жасқа дейін өмір сүрген адамдар жұмыртқа олардың диетасының негізі болғанын тілге тиек етеді.

Сізге не ұнайды: омлет немесе жұмыртқа?


👥13 қазан танымал екі шығармашылық адамның туған күні. 85 жыл бұрын қазақ эстрадалық музыкасының дамуына елеулі үлес қосқан композитор Әсет Бейсеуов (1938-1996) дүниеге келді. Оның «Алмалы Алматы», «Гүлдер», «Шақырады көктем» сияқты көптеген әні қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері. Сондай – ақ бүгін корей әншісі, биші әрі композитор Пак Чи Мин 28 жасқа толды. Ол вокалист әрі BTS K – POP тобының бес шығармасының авторы Чимин ретінде көпшілікке танымал. 2018 жылы Чимин тоғызыншы рет көп талқыланған атақты әнші және әлемде ең көп талқыланған сегізінші музыкант болды.