🤝 Мамырдың екінші сенбісі — Дүниежүзілік әділ сауда күні. Бұл күн халықаралық стандарттар мен қоғамдық өнім саясатын қолдауды талап етеді. Оны әлемнің 70 елінен 350-ден астам компания қолдайды. Әділ сауда тауарларына шай, кофе, какао, банан сияқты азық-түлік, сонымен қатар қолөнер бұйымдары мен киім-кешек болуы мүмкін. Ең бастысы — олар құл мен бала еңбегін пайдаланбай өндірілуі керек.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🕊Сонымен қатар бүгін — Дүниежүзілік қоныс аударатын құстар күні. Құстардың 11 000 түрінің 1800-ге жуығы үлкен қашықтықты жылына екі рет бағындырады. Алайда жолда көптеген қауіп болатынын да ескеру керек. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістерге және жаһандық жылынуға байланысты тіршілік ету ортасының жоғалуы, сондай-ақ браконьерліктің көбеюі қоныс аударатын құстар популяциясының төмендеуіне әкеледі. Көші-қон жолында көптеген ел бар. Сондықтан проблемаларды бірігіп шешуге болады.
🌼13 мамыр — Дүниежүзілік бақбақ күні. «Кішкентай сары гүлдер» адамдарға эстетикалық ләззат бермейді. Керісінше оның емдік қасиетіне байланысты тамақ пен сусын дайындауға қолданылады. Сонымен қатар тосап, салат, тағамдар жасауға болады. Аталмыш гүлден күш пен сергектік сыйлап, қуаттандыратын, кофе тәрізді сусын дайындалады. Бақбақ — ең ұқыпты гүлдердің бірі. Себебі ол жапырақтарын таңғы сағат 6-да ашып, кешкі сағат 15.00-де бүршіктерге жиналады.
Сіз бақбақтан әшекей бұйым дайындап көрдіңіз бе?
🍽Бүгін үстел пышағының пайда болған күні. 1637 жылы 13 мамырда кардинал Ришелье деген атпен белгілі Арман дю Плесси қауіпсіздік мақсатында француз королінің сарайында ас кезінде қолданылған пышақтарды дөңгелету керек деген жарлық шығарды. Көпшілік бұл жаңашылдықты қабылдай алмады. Бірақ бірте-бірте үйреніп кетті. Тренд ретінде француз ақсүйектері еуропалық ақсүйектерді өздеріне қызықтыра алды. Енді дөңгелек үстел пышақтары әлемнің барлық елінде қолданылып келеді.
Әйгілі кардинал Ришельенің қазақ есімі бар екенін білесіз бе?