«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 14 Мамыр, 2023


🤰Мамырдың екінші жексенбісі – Халықаралық аналар күні аталып өтеді. Әрбір адам балалық шағынан өмірінің соңғы сәтіне дейін анасының жарқын бейнесін жан дүниесінде мәңгілікке сақтап қалады. Өйткені ана – кез келген адам үшін ең жақын әрі ең қымбат адам. Ол әрқашан баласына түсіністікпен қарап, тыңдай алады. Кешірім беріп, қолдау білдіреді. Қандай жағдай болса да риясыз жақсы көре алады. Қазақстанда да аналар күні ерекше аталып өтеді. Биыл бұл мереке 17 қыркүйекке түсіп тұр. Сондықтан анаңызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз. 

Есіңізде болсын, ағайын – алтау, ана – біреу. 

💫2015 жылы 14 мамыр – Швейцарияда Frank Muller мануфактурасы Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген сағаттардың шектеулі сериясын шығарды. Олардың құны 29 мың доллар болды. Ал алтыннан жасалғаны – 35 мың долларды құрады. Қазақстан нарығында осы тауарды ұсынатын өкілдердің айтуынша, сағаттың санаулы саны ғана шығарылған. Бір қызығы, бағасы қымбат болғанымен сағат лезде сатылып кеткен. Швейцариялық брендтер қазақ рәміздері бар сағаттарды бірнеше мәрте шығарды. Ең қымбат көшірмелердің құны 250 мың долларға жетті.

 

Сіз осындай сағатты сатып алар ма едіңіз? 

🌚Бүгін вазелиннің пайда болған күні. 1878 жылы 14 мамырда британдық-американдық химик Роберт Чесбро аталмыш дәріні патенттеді. Мұнайшылармен жұмыс істей отырып, ол бір нәрсеге назар аударады. Яғни, жұмысшылардың алған жарақаттары мен күйіктеріне ерекше бір дәрі жағып жатқанын байқайды. Аталмыш затты зерттей келе, оның терінің қалпына келу процесіне пайдалы екенін әрі жазылу процесін тездететініне көз жеткізеді. Химик пайдалы компоненттерді анықтап, оларды ажырата алды. Әлемдегі ең танымал жақпа май осылай пайда болды. Оны алғаш рет – майлы желе деп атады. 

 

Ал сіз күйікті қалай емдейсіз?

👥14 мамыр өмірге келген атақты адамдар. Бүгін Голливудта өнер көрсеткен тұңғыш қазақ актері – Нұржұман Ықтымбаев 82 жасқа толды. Көптеген мемлекеттік және кәсіби марапаттардың иегері 150-ден астам рөлдерді сомдап шықты. Оның кейіпкерлері әртүрлі мінезбен ерекшеленеді. Мәселен, жұмсақ та, қатал да, шешуші де бола алады. Сонымен қатар бүгін Facebook-тің негізін қалаушы және Meta Platforms компаниясының бас директоры Марк Цукерберг 39 жасқа қадам басты. 23 жасында ол әлемдегі ең жас миллиардер атанды. Сәуір айының соңындағы мәліметке сәйкес, оның байлығы 84,9 миллиард долларды құрады. Осылайша ең бай адамдар тізімінде 14-ші орында тұр.