«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 мая, 2024


🕊Бүгін — Дүниежүзілік қоныс аударатын құстар күні. Құстардың 11 мың түрінің 1800-ге жуығы үлкен қашықты жылына екі рет бағындырады. Осы тұста жолда көптеген қауіп болатынын ескеру керек. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістерге және жаһандық жылынуға байланысты тіршілік ету ортасының жоғалуы, сондай-ақ браконьерліктің көбеюі қоныс аударатын құстар популяциясының төмендеуіне әкеледі. Көші-қон жолында көптеген ел бар. Сондықтан проблемаларды бірігіп шешуге болады.

🌷13 мамыр — Дүниежүзілік бақбақ күні. “Кішкентай сары гүлдер” адамдарға эстетикалық ләззат сыйламайды, есесіне емдік қасиетіне байланысты тамақ пен сусын дайындауға қолданылады. Сонымен қатар тосап, салат, тағамдар да жасауға болады. Бұл гүлден күш пен сергектік сыйлап, қуаттандыратын, кофе тәрізді сусын дайындалады. Бақбақ — тиянақты гүлдердің бірі. Себебі ол жапырақтарын таңғы сағат 6-да ашып, кешкі сағат 15.00-де бүршіктерін жинайды.

Сіз бақбақтан әшекей бұйым дайындап көрдіңіз бе?

🎨2011 жылы 13 мамырда Нью-Йоркте өткен “Spring in full color” атты өнер байқауында қазақстандық суретші және кино суретшісі Нұрлан Әбішевтің жұмыстары үздік деп танылды. Оның “Мен сені сағынғанда” (“Лирикалық” номинациясында алтын медаль) және “Шарын шатқалы” (“Реализм” аталымы бойынша күміс медаль) атты екі бірдей туындысы жоғары марапатқа ие болды. Бұған дейін суретшіміз 2004 жылы “Шәкен жұлдыздары” кинофестивалінің “Остров Возрождения” фильміндегі қоюшы-суретшінің жұмысы үшін лауреат атанды. Ал Анапада өткен “КиноШок” фестивалінде Гран-при жеңіп алған болатын.

🍽Бүгін үстел пышағының пайда болған күні. 1637 жылы 13 мамырда кардинал Ришелье деген атпен белгілі Арман дю Плесси қауіпсіздік мақсатында француз королінің сарайында ас кезінде қолданылған пышақтарды дөңгелету керек деген жарлық шығарды. Көпшілік бұл жаңашылдықты қабылдай алмады. Бірақ бірте-бірте үйреніп кетті. Тренд ретінде француз ақсүйектері еуропалық ақсүйектерді өздеріне қызықтыра алды. Енді дөңгелек үстел пышақтары әлемнің барлық елінде қолданылып келеді.

Әйгілі кардинал Ришельенің қазақ есімі бар екенін білесіз бе?