«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 июня, 2024


💃13 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Мұндай мутацияға ұшыраған адамдардың терісі табиғи емес ақ, шашы қарлы, көздері ашық түсті болып келеді. Заманның қай уақытында болсын альбиностар қоғамда көптеген проблемамен бетпе бет келеді. Ерекше келбетінің арқасында олар басқалардың назарына ілігіп, көптің қызу талқысына түседі. Бұл жағдай көбіне түсінбеушілік пен қорқынышты тудырды. Бірақ мұндай ауытқулар әдемі өмір сүруге кедергі келтірмейді. Қолайлы әлеуметтік аураны қамтамасыз ету, басқа адамдардың мәселелеріне қамқорлық пен түсіністік таныту қажет.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

👍Бүгін — Халықаралық тігін машинасы күні. 1790 жылы 13 маусымда ағылшын өнертапқышы Томас Сент аспаптың бірінші дизайнын патенттеді. Ол көп ұзамай кең танымалдыққа ие болды. Алғашқы машиналар қарапайым болғанымен, киім тігуде адамдардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Тігін машиналарын модернизациялауға зор үлес қосқан — Исаак Мерритт Сингер. Ол үйде пайдалануға арналған сенімді тігін машинасын жасады. Оның кейбіреуі жүз жылдан астам жұмыс істеді. 

 

Егер сіз тігіншілерді білсеңіз,  мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

🗣7 жыл бұрын Димаш Құдайберген 2017 MTV Global Chinese Music Awards байқауында “Шетелдік үздік танымал әнші” номинациясының жеңімпазы атанды. Байқаудың ресми сайтында дауыс беру 22 мамыр мен 10 маусым аралығында өтіп, жеңімпаздардың есімдері 13 маусымда белгілі болды. Димаш “Ең үздік шетелдік танымал әнші” және “Ең танымал жаңа әнші” номинациялары бойынша Азияның 8 танымал әншісімен бәсекеге түсті. Еске салайық, Димаш өзінің жеңісті жолын “Жас қанат 2012” байқауында бірінші орыннан бастаған болатын. 

 

👥13 маусым — атақты екі адамның туған күні. 31 жыл бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен (1983-2018) дүниеге келді. Ол әлем чемпионатының жүлдегері, төрт құрлық чемпионаты мен Азия ойындарының чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Спортшы көлігінің айнасын ұрлап жатқан қылмыскерлерді ұстаймын деп, солардың қолынан қаза тапты. Осылайша Алматыда оның рухына ескерткіш орнатылды. Сонымен қатар бүгін америкалық актер Крис Эванс 43 жасқа толды. Ол Marvel фильмдеріндегі Капитан Америка рөлімен танымал. Өз жасына қарамастан, Крис 50-ден астам фильмде төбе көрсетті.