👏13 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Альбинизмге шалдыққан адамдардың терісі ерекше ақшыл, шашы — қардай аппақ, ал көздері өте ашық түсті болып келеді. Мұндай адамдар әлі күнге дейін қоғамда ерекше көзқарасқа ұшырап жатады. Мәселен, сырт келбеттеріне байланысты олар айналасындағылардың таңданысы мен түсінбеушілігін, тіпті қорқынышын тудырады. Алайда бұл өзгешелік ұзақ әрі мағыналы өмір сүруге кедергі емес. Мұндай жандарға қолдау көрсету, оларды қабылдай білу — қоғамның адамгершілік деңгейін көрсетеді. Сондықтан да альбинизмі бар адамдарға түсіністікпен қарап, олар үшін қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру — бәріміздің ортақ міндетіміз.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🙌Бүгін — Халықаралық тігін машинасы күні. 1790 жылы 13 маусымда ағылшын өнертапқышы Томас Сент алғашқы тігін машинасының құрылымына патент алды. Олар бастапқыда қарапайым әрі біршама шектеулі болса да, киім тігетін адамдардың жұмысын едәуір жеңілдетті. Кейінірек Исаак Меррит Зингер есімді өнертапқыш бұл саланың дамуына айрықша үлес қосты — ол тұрмыстық қолданысқа арналған сенімді тігін машиналарын жасап шығарды.
Егер таныс тігіншілерді білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
👀8 жыл бұрын Димаш Құдайберген 2017 MTV Global Chinese Music Awards байқауында “Шетелдік үздік танымал әнші” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Байқаудың ресми сайтында дауыс беру 22 мамыр мен 10 маусым аралығында өтіп, жеңімпаздардың есімі 13 маусымда белгілі болды. Димаш “Ең үздік шетелдік танымал әнші” және “Ең танымал жаңа әнші” номинациялары бойынша Азияның 8 танымал әншісімен бәсекеге түсті. Еске салайық, Димаш өзінің жеңіс жолын “Жас қанат 2012” байқауында бас жүлдеден бастаған.
👥13 маусым — екі атақты адамның туған күні. 32 жыл бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен (1983-2018) дүниеге келді. Ол әлем чемпионаттарының жүлдегері, Төрт құрлық чемпионаты мен Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы болды. Өкінішке қарай, ол автокөлігінің айнасын ұрлап жатқан қылмыскерлерді тоқтатуға тырысқанда қастандықпен өлтірілді. Алматы қаласында оның құрметіне ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар бүгін америкалық актер Крис Эванс 44 жасқа толды. Ол Marvel фильмдеріндегі Капитан Америка рөлімен танымал. Жасы қырықтан асса да, актер 50-ге жуық фильмге түсіп үлгерген.