«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 марта, 2024


🥙13 наурыз – Халықаралық диета ұстау күні. Ежелгі Грекия мен Рим тұрғындары физикалық және психологиялық денсаулығын жақсарту үшін әртүрлі диета ұстанды. Спартада өте дәмді тағам дайындаған аспазды аспен бірге жардан лақтырып жіберген. Қазіргі уақытта көптеген диета түрлері бар. Мұнда бастысы — өзіңізге ығайлысын дұрыс таңдау. Дәл бүгін таңдау жасауға керемет мүмкіндік туып тұр. Егер сізді артық салмақ мазаламаса, онда бір күн ұстап көруіңізге болады.

 

Сіз диетаның қай түрін ұстанасыз? 🍳

🗣Бүгін — Дүниежүзілік эндометриоз туралы ақпарат тарату күні. Бұл гинекологиялық аурумен әлемде әртүрлі жастағы 176 миллион әйел зардап шегуде. Дәрігерлердің айтуынша, эндометриозды уақытылы емдемеу — бала көтеруде қиындықтар туындатып, бедеулікке алып келеді. Аталмыш ауруды өз бетіңізше анықтау қиын. Сондықтан жыл сайын 13 наурыз күні денсаулығыңызға мән беріп, толық тексерістен өткеніңіз жөн болады.

Өзіңізге әрдайым қамқорлық жасаңыз және деніңіз сау болсын❗️

 

🤗111 жыл бұрын (1913-1960) көрнекті композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, Қазақстан әнұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаев (шын аты — Мұхаммедсәлім) дүниеге келді. 100-ден астам музыкалық шығармалардың авторы, қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. “Біржан – Сара” операсы – оның шығармашылығының шыңы және ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ең көрнекті жетістігі. Е.Брусиловскиймен және Л.Хамидимен бірге Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің (1945-1992) және Қазақстан Республикасының Гимнінің (1992-2006) музыкасын жазды.

💫1991 жылы 13 наурызда қазақтың екі атақты тұлғасы өмірге келді. Бүгін бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 33 жасқа толды. Ол мансап жолында әлем чемпионы, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы, әуесқойлар арасында екі дүркін Азия чемпионы атанды. Ал кәсіпқойлар арасында IBF Inter-Continental чемпионы және IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы болды. 

Сонымен қатар бүгін эстрада әншісі әрі бірнеше әннің авторы Ернар Айдар да 33 жасқа толды. 2014 жылы ол “Алтын микрофон” ұлттық музыка байқауының “Үздік әнші жігіт” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал 2016 жылы “Интернет таңдауы” номинациясында EMA Eurasian Music Award сыйлығын жеңіп алды.

 

Сізге Ернардың қай әндердің көбірек ұнайды?🎤