«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 апреля, 2024


13 сәуір — Халықаралық өсімдіктерге алғыс айту күні. Олардың әралуандығы мен әдемілігі адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды. Өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығарады. Яғни, жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен — эгергияны, ал топырақтан — су мен минералды тұздарды алады.  Сонымен қатар ғалымдар өсімдіктердің адам психикасына оң әсер ететінін де алға тартады.

 

Ал сіз үй жағдайында қандай өсімдік түрін өсіресіз?

🦻Бүгін музыка әуесқойлары дүниежүзілік рок-н-ролл күнін атап өтеді. 1954 жылы 13 сәуірде америкалық музыкант Билл Хейли осы стильде дүниежүзілік хитке айналған “Clock Around the Clock” әнін жазды. Музыканың жаңа түрі адам өміріндегі барлық шекара мен кедергілерді жойып, түрлі нәсілдік наным-сенімді оңай жеңді. Қазіргі таңда рок-н-ролл бір толқындағы жандарды жинау үрдісін әлі де жалғастыруда. Сонымен қатар әлемдегі ойын-сауық орындары рок-н-ролл стилінде қызықты кештер өткізіп тұрады. 

 

Сізге қазақтың қандай рок топтары ұнайды? 

🧠Сонымен бірге бүгін функционалдық неврологиялық бұзылулардың халықаралық күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты — зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, осы аурудың алдын алуға шақырып, емдеу бойынша зерттеулерді жетілдіру. Аталмыш ауруға шалдыққан науқаста әлсіздік, қозғалыстың бұзылуы, естен тану сияқты неврологиялық белгілер пайда болады. Дәрігерлер бұл аурудың шешімін әлі таппады. Сондықтан әзірге емдік жолдары қарастырылмаған. Себебі мұндай жағдайда науқастың миы қалыпты, алайда дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартады. 

👥13 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 216 жыл бұрын итальяндық ғалым, телефонды ойлап тапқан Антонио Меуччи (1808-1889) дүниеге келді. Көзі тірісінде ол телефонды ойлап табу құқығы бойынша патентті ұзартпау себебінен, Александр Беллмен болған сотта жеңіліске ұшырады. Қуанышқа орай, 2002 жылы АҚШ Конгресі Антонионы нағыз телефон өнертапқышы ретінде ресми түрде мойындады. Сонымен қатар бүгін тарихтағы ұлы шахматшылардың бірі Гарри Каспаров 61 жасқа толды. Әлемнің 13-ші чемпионы 11 мәрте әлемнің ең үздік шахматшысы атанды. Сондай-ақ 1985-2006 жылдар аралығында екі қысқа үзіліспен ФИДЕ рейтингінде көш бастады. Қазір ол саяси қызметке белсене араласады.

 

Сіз қазақ шахматшыларының арасында кімнің жанкүйерісіз?