🍀13 сәуір — Халықаралық өсімдіктерге алғыс айту күні. Олардың әралуандығы мен әдемілігі адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды. Өсімдіктердің арқасында ауа оттекпен толығып, зиянды заттар сіңіріледі, ал ағзаға тіршілікке қажетті дәрумендер түседі. Ғалымдардың айтуынша, өсімдіктер адамның психикасына да оң әсер етеді.
Ал сіз үй жағдайында қандай өсімдік түрін өсіресіз?
🗣Бүгін музыка әуесқойлары дүниежүзілік рок-н-ролл күнін атап өтеді. 1954 жылы 13 сәуірде америкалық музыкант Билл Хейли осы стильде дүниежүзілік хитке айналған “Clock Around the Clock” әнін жазды. Музыканың жаңа түрі адам өміріндегі барлық шекара мен кедергілерді жойып, түрлі нәсілдік наным-сенімді оңай жеңді. Қазіргі таңда рок-н-ролл бір толқындағы жандарды жинау үрдісін әлі де жалғастыруда. Сонымен қатар әлемдегі ойын-сауық орындары рок-н-ролл стилінде қызықты кештер өткізіп тұрады.
Сізге қазақтың қандай рок топтары ұнайды?
👀Сонымен бірге бүгін функционалдық неврологиялық бұзылулардың халықаралық күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – осы дерт туралы ақпаратты арттырып, зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету, сондай-ақ алдын алу мен емдеу жолдарын зерттеуге үлес қосу. Ауру белгісі ретінде науқастар әлсіздік, қозғалыс бұзылыстары, сезімталдықтың жоғалуы немесе есінен тану секілді неврологиялық белгілерді бастан кешіреді. Дәрігерлер бұл жағдайды түсіндіру немесе емдеу әлі мүмкін емес екенін айтады, өйткені науқастың миы қалыпты болғанымен, оның жұмыс істеу жүйесінде ақау бар.
👤13 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 217 жыл бұрын италиялық ғалым Антонио Меуччи (1808-1889) дүниеге келді. Ол – телефонды ойлап тапқан адам. Өкінішке қарай, ол патентін уақытында ұзартпағандықтан, телефонға қатысты авторлық құқықтар бойынша сотта Александр Беллге жеңіліп қалған. Тек 2002 жылы АҚШ Конгресі Антонио Меуччиді телефонның нағыз өнертапқышы ретінде ресми түрде мойындады. Сонымен қатар бүгін тарихтағы ұлы шахматшылардың бірі Гарри Каспаров 62 жасқа толды. 13-ші әлем чемпионы атанған ол 1985 жылдан 2006 жылға дейін (екі қысқа үзіліспен) FIDE рейтингінде көш бастап келді. Қазір саясатпен белсенді айналысады.
Сіз қазақ шахматшыларының арасында кімнің жанкүйерісіз?